Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және Ақсу ауылы тұрғындары жиынының 2009 жылғы 18 наурыздағы № 03 хаттамасын, Сапақ селосы тұрғындары жиынының 2009 жылғы 19 наурыздағы № 04 хаттамасын есепке ала отырып, Ақсу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақсу ауылының және Сапақ селосының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
1) Ақсу ауылының:
№ 1 көшесіне – «Бейбітшілік» атауы,
№ 2 көшесіне – «Желтоқсан» атауы,
№ 3 көшесіне - «Бөгембай батыр» атауы,
№ 4 көшесіне – «Достық» атауы,
№ 5 көшесіне – «Шоқан Уәлиханов» атауы,
№ 6 көшесіне - «Жеңіс» атауы.
2) Сапақ селосының:
№ 1 көшесіне – «Бейбітшілік» атауы,
№ 2 көшесіне - «Тәуелсіздік» атауы,
№ 3 көшесіне – «М.Әуезов» атауы.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Еңбекшілдер ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми түрде жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақсу ауылдық
округі әкімінің
міндетін атқарушы М.Мәдияров
КЕЛІСІЛДІ:
Еңбекшілдер ауданының
«Сәулет және қала
құрылыс бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы А.Қ.Ахметова
Еңбекшілдер ауданының
«Мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Г.Т.Жақыпова