Мамай ауылының көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы Мамай ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 10 тамыздағы № 1 шешімі. Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 10 қыркүйекте № 1-10-95 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңы 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Заңы 14-бабының 4-тармақшасына және 2009 жылғы 18 мамыр Мамай ауылы тұрғындары жиынының № 03 хаттамасын есепке ала отырып, Мамай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Мамай ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
      № 1 көшесіне – «Біржан сал» атауы, № 2 көшесіне - «Абай» атауы, № 3 көшесіне - «Абылай хан» атауы, № 4 көшесіне - «Шоқан Уәлиханов» атауы.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Еңбекшілдер ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми түрде жарияланған күннен бастап қолданысқа еңгізіледі.

      Мамай ауылдық округі
      әкімінің міндетін атқарушы                 М. Исмаилова

      КЕЛІСІЛДІ:

      Еңбекшілдер ауданының
      «Сәулет және қала
      құрылысы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    А.Қ. Ахметова

      Еңбекшілдер ауданының
      «Мәдениет және тілдерді
      дамыту бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Г.Т. Жақыпова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады