Қызылұйым, Ұйымшыл ауылдарының және Жөкей, Карловка, Трамбовка селоларының көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы Үлгі ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 3 шілдедегі № 1 шешімі. Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 6 тамызда № 1-10-91 тіркелді

      Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4-тармақшасына және 2009 жылғы 14 мамырдағы Қызылұйым ауылы тұрғындары жиынының № 02 хаттамасының, 2009 жылғы 14 мамырдағы өткен Ұйымшыл ауылы тұрғындары жиынының № 05 хаттамасының, 2009 жылғы 14 мамырдағы Жөкей селосы тұрғындары жиынының № 01 хаттамасының, 2009 жылғы 15 мамырда Карловка селосы тұрғындары ауылдық жиынының № 03 хаттамасының, 2009 жылғы 15 мамырда өткен Трамбовка селосы тұрғындары жиынының № 04 хаттамасының негізінде, Үлгі ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Көшелерге төмендегідей атаулар берілсін:
      1) Қызылұйым ауылында
      № 1 көшесіне – «Орталық»,
      № 2 көшесіне - «Кішкенекөл»;
      2) Ұйымшыл ауылында
      № 1 көшесіне – «Базарбек»;
      3) Жөкей селосында
      № 1 көшесіне – «Шоссейная»,
      № 2 көшесіне - «Центральная»,
      № 3 көшесіне - «Лесная»;
      4) Карловка селосында
      № 1 көшесіне – «Приозерная»,
      № 2 көшесіне «Молодежная»;
      5) Трамбовка селосында
      № 1 көшесіне – «Лесная».
      2. Осы шешімінің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Еңбекшілдер ауданың әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми түрде жарық көрген күннен бастап қолданысқа еңгізіледі.

      Үлгі ауылдық
      округінің әкімі                            С.Есполов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Еңбекшілдер ауданы
      «Сәулет және қала
      құрылысы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    А.Қ.Ахметова

      Еңбекшілдер ауданы
      «Мәдениет және тілдерді
      дамыту бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Г.Т.Жақыпова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады