Тіркеу жүргізілген жылы он жеті жасқа толып отырған ер азаматтарды "Есіл ауданының қорғаныс істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің аудандық әскери шақыру учаскесіне тіркелуін жүргізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Есіл ауданы әкімінің 2009 жылғы 20 ақпандағы № 3 шешімі. Ақмола облысы Есіл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 26 наурызда № 1-11-100 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл ауданының әкімінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 12 Шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл ауданының әкімінің 2009.12.14 № 12 Шешімімен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасының осы тіркеу жүргізілген жылы 17 жасқа толып отырған, сонымен бірге бұрын шақыру учаскесіне тіркелмеген жасы үлкен азаматтарын әскери есепке алу, олардың санын, әскери  қызметке жарамдылығын анықтау, жалпы білім деңгейін, алған мамандықтарын және дене бітімі дайындығының деңгейін анықтау мақсатында, аудан әкімі ШЕШТІ:
      1. Тіркеу жүргізілген жылы он жеті жасқа толып отырған ер азаматтарды «Есіл ауданының қорғаныс істері бөлімі» мемлекеттік мекемесінің аудандық әскери шақыру учаскесіне тіркелуі 2009 жылдың қаңтар айынан наурыз айы аралығы кезеңдерінде жүргізілсін.
      2. Есіл қалалық, Красногорский кенті, село және селолық округ әкімдері, сонымен бірге ұйым және барлық меншік түріндегі ұйымдар мен мекеме басшылары (келісімі бойынша):
      1)тіркеу жүргізілу кезінде тіркелу жүргізілген жылы он жеті жасқа толып отырған ер азаматтарды жұмыстан (оқудан) босатсын;
      2)жеке шақырылу қағаздарына сай әскери шақыру учаскесіне уақытында жеткізілуін қамтамасыз етсін.
      3. Ақмола облысы Денсаулық сақтау мемлекеттік басқармасы «Есіл аудандық орталык ауруханасы» мемлекеттік мекемесінің бас дәрігеріне (Қайсарбеков О.Қ.) (келісімі бойынша) әскери шақырылушылардың сапалы медициналық тексерілуі үшін медициналық комиссияны маман-дәрігерлер, медицина кабинеттерімен қамтамасыз ету, қажетті медикаменттер, медициналық құрал-жабдықтармен толықтырылуы, әскери шақырылушылардың стационарлық тексеріліп емделуіне және ауырған жасөспірімдердің емделуі үшін  аудандық ауруханадан 20 төсек-орын дайындалып қамтамасыз ету нұсқалсын.
      4. Ақмола облысы Ішкі істер департаменті «Есіл аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (Каримов С.В.) (келісімі бойынша) әскери тіркелуден жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды өз құзыры шегінде жүзеге асыру нұсқалсын.
      5. Есіл ауданы әкімінің «1991 жылы туған азаматтардың Есіл аудандық шақыру учаскесіне тіркелуін жүргізу туралы» 2008 жылғы 12 ақпандағы № 3 Нормативті құқықты актілердің мемлекеттік тіркелу Аймақтық тізілімінде № 1-11-80 нөмірімен тіркелген, аудандық «Жаңа Есіл» газетінің 2008 жылғы 17 наурыздағы нөмірінде жарияланған шешімінің күші жойылған деп танылсын.
      6 Осы нормативтік құқықтық актінің кері кұші  2009 жылдың 1 қаңтардағы пайда болған қатынастарға қолданылады.
      7. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары  С.К.Ағымбаеваға жүктелсін.
      8. Есіл ауданы әкімінің осы шешімі Есіл ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған бірінші күннен бастап  қолданысқа енгізіледі.

      Есіл ауданының
      әкімі                                      С.Ерин

      КЕЛІСІЛГЕН:

      Ақмола облысы Денсаулық сақтау
      Мемлекеттік басқармасы
      «Есіл аудандық орталық аурухана»
      мемлекеттік мекемесінің
      бас дәрігері                               О.Қ.Қайсарбеков

      Ақмола облысы Ішкі істер
      департаменті «Есіл ауданы
      ішкі істер бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    С.В.Каримов

      «Есіл ауданы қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Ж.Х.Меңбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады