Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында "Есіл ауданының қорғаныс істері бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әскери шақыру учаскесіне тіркелуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Есіл ауданы әкімінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 12 шешімі. Ақмола облысы Есіл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 18 қаңтарда № 1-11-111 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл ауданы әкімінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 16 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл ауданы әкімінің 2010.12.22 № 16 шешімімен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33 бабына, «Әскери міндеттілік пен әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың әскери есебін жүргізу тәртібі туралы ережелеріне сәйкес, аудан әкімі ШЕШТІ:
      1. Тіркеу жүргізілген жылы он жеті жасқа толып отырған ер азаматтарды 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында «Есіл ауданының қорғаныс істері бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әскери шақыру учаскесіне тіркелуі ұйымдастырылып және қамтамасыз етілсін.
      2. «Тіркеу жүргізілген жылы он жеті жасқа толып отырған ер азаматтарды «Есіл ауданының қорғаныс істері бөлімі» мемлекеттік мекемесінің аудандық әскери шақыру учаскесіне тіркелуін жүргізу туралы» 2009 жылғы 20 ақпандағы № 3 (Нормативті құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелу тізілімінде № 1-11-100 тіркелген, аудандық «Жаңа Есіл» газетінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 25-26 (378-379) жарияланған) Есіл ауданы әкімінің шешімінің күші жойылған деп танылсын.
      3. Есіл ауданы әкімінің осы шешімнің орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімінің орынбасары С.К.Ағымбаеваға жүктелсін.
      4. Есіл ауданы әкімінің осы шешімі Есіл ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған бірінші күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Есіл ауданының әкімі                       С.Ерин

      КЕЛІСІЛГЕН:

      Ақмола облысы
      «Есіл ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Ж.Х.Меңбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады