Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында "Ақмола облысы Есіл ауданының Қорғаныс істері бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әскери шақыру учаскесіне тіркелуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Ақмола облысы Есіл ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 16 шешімі. Ақмола облысы Есіл аудандық Әділет басқармасында 2011 жылы 14 қаңтарда № 1-11-131 тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33 бабына, «Әскери міндеттін пен әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың әскери есебін жүргізу тәртібі туралы ережелеріне сәйкес, Есіл ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында «Ақмола облысы Есіл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әскери шақыру учаскесіне тіркелуі ұйымдастырылып және қамтамасыз етілсін.
      2. «Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды 2010 жылдың қантар-наурыз айларында «Есіл ауданының қорғаныс істері бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әскери шақыру учаскесіне тіркелуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 12 (Нормативті құқықты актілердің мемлекеттік тіркелу тізілімінде № 1-11-111 тіркелген, аудандық «Жаңа Есіл» газетінің 2010 жылғы 5 ақпандағы № 5(548) жарияланған) Есіл ауданы әкімінің шешімінің күші жойылған деп танылсын.
      3. Есіл ауданы әкімінің осы шешімнің орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімінің орынбасары С.К.Ағымбаеваға жүктелсін.
      4. Есіл ауданы әкімінің осы шешімі Есіл ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған бірінші күннен бастап қолданысқа енгіліледі.

      Есіл ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы                          Ә.Смағұлов

      КЕЛІСІЛГЕН:

      Ақмола облысы «Есіл
      ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Ж.Меңбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады