Бірыңғай тіркелген салықтық ставкалары туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2009 жылғы 7 сәуірдегі № 4С-14/7 шешімі. Ақмола облысы Жарқайың ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 16 сәуірде № 1-12-107 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 қазанда № 6С-14/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 27.10.2017 № 6С-14/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 422 бабына сәйкес, Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Жарқайың ауданының аумағында қызмет ететін барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салықтық ставкалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім Жарқайың ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
А.Сиамашвили
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Б.Швачкин

      КЕЛІСІЛГЕН:

      Жарқайың ауданы
бойынша салық
басқармасының бастығы
Е.Т.Шоламбаев

  Жарқайың аудандық мәслихатының
2009 жылғы 7 сәуірдегі
№ 4С-14/7 шешіміне
қосымша

Бірыңғай тіркелген салықтық ставкалары

Салық салу объектінің атауы

Айына салық салу объектінің бірлігіне ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіштерінде)

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

2

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

2

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютері

2

4

Ойын жолы

10

5

Карт

4

6

Бильярд үстелі

5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады