Жарқайың ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 қазанда № 6С-14/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 қарашада № 6161 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 ақпандағы № 6С-19/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 26.02.2018 № 6С-19/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 422 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңның 6 бабына сәйкес, Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жарқайың ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Күші жойылды деп танылсын:

      Жарқайың аудандық мәслихатының "Бірыңғай тіркелген салықтық ставкалары туралы" 2009 жылғы 7 сәуірдегі № 4С-14/7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-12-107 болып тіркелген, 2009 жылғы 24 сәуірде "Целинное знамя" газетінде жарияланған) шешімі.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы
Қ.Байжұманова
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Ұ.Ахметова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Жарқайың ауданы әкімінің
міндетін атқарушы
Д.Шәкіров

      27.10.2017

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Жарқайың ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Г.Бекентаев

      27.10.2017

  Жарқайын аудандық
мәслихатының
2017 жылғы 27 қазандағы
№ 6С-14/3 шешіміне
қосымша

Жарқайың ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері

№ р/с

Салық салу объектісінің атауы

Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіш)

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

2

2.

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

2

3.

Ойын өткізу үшін пайдаланатын дербес компьютер

2

4.

Ойын жолы

10

5.

Карт

4

6.

Бильярд үстелі

5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады