Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 17 наурыздағы № 4С-6/4 "Бір жолғы талондар бағасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 4С-15/3 шешімі. Ақмола облысы Жарқайың ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 14 мамырда № 1-12-109 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 5С-14/6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 12.12.2012 № 5С-14/6 шешімімен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 422 бабына сәйкес Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеудің Аймақтық Тізімінде 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 1-12-83 болып тіркелген, «Целинное знамя» аудандық газетінде 2008 жылғы 11 сәуірдегі № 15 болып жарияланған) Жарқайың аудандық мәслихатының 2008 жылғы 17 наурыздағы № 4С-6/4 «Бір жолғы талондар бағасын бекіту туралы»шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      3 тармақтағы «Жарқайың ауданының әділет басқармасы» деген  сөздер «Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеудің Аймақтық Тізімі» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім Жарқайың ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Н.Рахымов

      Аудандық мәслихат
      хатшысы                                    Б.Швачкин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады