Ескерту.Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 2010.02.19 № А-2/32 қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңдарына сәйкес, Жарқайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарқайың ауданы әкімдігінің «2009 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасы азаматтарын кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді қамтамасыз ету және ұйымдастыру туралы» 2009 жылғы 30 сәуірдегі № А-5/198 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-12-110 тіркелген, 2009 жылдың 15 мамырында «Целинное знамя» аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген қосымшада екінші азат жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Ирина Владимировна Платонова – Жарқайың ауданы әкімі аппараты жалпы бөлімінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары»;
үшінші азат жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Жеңіс Айтпайұлы Қарақойшынов – «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысы Ішкі істер департаментінің Жарқайың ауданының Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша)».
2. Осы қаулы Жарқайың ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жарқайың ауданының әкімі А.Қалжанов
КЕЛІСІЛГЕН:
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігі Ақмола облысы Ішкі істер
департаментінің Жарқайың ауданының
Ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы А.Ш.Сұрағанов
«Ақмола облысы
Жарқайың ауданының қорғаныс
істері жөніндегі біріккен бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Д.Б.Ділдебаев
«Акмола облысы денсаулық сақтау
басқармасының жанындағы
Жарқайың аудандық емханасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорынының бас дәрігері К.Г.Ғазезов