2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 21 "1992 жылы туған азаматтарды, сол сияқты алдында тіркеуден өтпеген жасы үлкен азаматтарды "Ақмола облысы Жақсы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі учаскесінде тіркеу өткізу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің 2009 жылғы 2 наурыздағы № 06 шешімі. Ақмола облысы Жақсы ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 30 наурызда № 1-13-87 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімі аппаратының 2013 жылғы 26 маусымдағы № 04-596 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімі аппаратының 26.06.2013 № 04-596 хатымен).

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан  Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес, прокурордың 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 01-07-99-09 наразылығын ескере отырып, аудан әкімі ШЕШТІ:
      1. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-13-84 тіркелген, аудандық «Жақсы жаршысы» № 3(6515) газетінде 2009 жылғы 16 қаңтарда жарияланған Жақсы ауданы әкімінің шешіміне 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 21 «1992 жылы туған азаматтарды «Ақмола облысы Жақсы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі учаскесінде тіркеу өткізу туралы» шешіміне енгізілсін:
      3 тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;
      7 тармақтағы «аудан әкімдігі» сөзі «аудан әкімі» сөзімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім Жақсы ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған
күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жақсы ауданының әкімі                      И.Қабдуғалиев

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Ақмола облысы Жақсы
      ауданының Ішкі істер
      бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        А.Жапаров

      «Ақмола облысы Жақсы
      ауданының Қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Н.Мельников

      Ақмола облысы Денсаулық
      сақтау департаментінің
      жанындағы «Жақсы аудандық
      емханасы» мемлекеттік
      коммуналдық қазынашылық
      кәсіпорнының
      бас дәрігері                               Н.Усина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады