2008 жылғы 11 наурыздағы аудандық мәслихатының № С-7-4 шешімімен бекітілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстаудың (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметті тұтынудың төлеміне тұрғын үй көмегін көрсетудің Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 наурыздағы № 13С-17-3 шешімі. Ақмола облысы Жақсы ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 4 мамырда № 1-13-89 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 4 ақпандағы № с-24-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2010.02.04 № с-24-5 шешімімен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық пунктуация және орфография сақталған
      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мақсатында аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 11 наурыздағы № С-7-4 шешімімен нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-13-71 тіркелген, 2008 жылдың 18 сәуіріндегі № 15 «Жақсы жаршысы» аудандық газетінде жарияланған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстаудың (жеке тұрғын ұйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметті тұтынудың төлеміне тұрғын үй көмегін көрсетудің Ережесіне төмендегі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 4 тармақта «күтімге мұқтаж деп табылған» сөзінен кейін «16 жасқа толмаған мүгедек-балаларға» сөзімен толықтырылсын;
      2) 5 тармақта «АҚ филиалы» сөзі «Ақмола облысы акционерлік қоғамы филиалының аудандық почта байланыс торабы» сөздерімен ауыстырылсын;
      3) 7 тармақтың 1 жолы төмендегідей баспада баяндалсын:
      «Отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тоқсан сайын  тағайындалады. Есептеу ағымдағы тоқсанға жүргізіледі, отбасының кірісі және коммуналдық қызмет шығыны өткен тоқсанға есептеледі. Коммуналдық тұрғын үйде тұратындар үшін шығын нақты төлеген төлемі бойынша одан әрі қайта есептеу есебінен жоспарлы есептеледі, жеке үй құрылыстарында тұратындар үшін үйден жылытылатын отын шығыны тұрғын үйдің әлеуметтік мөлшеріне келісімді 1 квадраттық метрге 49,75 килограмм көлемінде есептеледі, алайда жылына отбасыға бес тонна көмірден артық емес. Көмірдің құнын есептеу үшін тұрғын үй көмегін алдағы тоқсанға тағайындау өткен тоқсандағы Жақсы ауданының статистика бөлімінің ұсынған аудан бойынша орта бағасы пайдаланылсын. Көмірді сатып алудың мерзімділігіне байланысты тұрғын үй көмегін есептегенде тұрғын үйдің (көмір бағасын) барлық әлеуметтік шығын шамасын өтініш берген тоқсанның үш айы есепке алынсын. Үйден жылытылатын жеке үй құрылысы үшін пайдаланылатын басқа отынның шығыны мен бағасының шамасы, тұрғын үй көмегін есептегенде көмірдің шығыны мен бағасы шамасының баламасында есептелсін»;
      4) 8 тармақтың 4 тармақшасындағы «пәтер» сөзі «тұрғын үй» сөзімен ауыстырылсын;
      келесі мазмұндағы 4-1) тармақшасымен:
      «жеке меншік құқығындағы тұрғын үй бірлігінің саны туралы ақпараттық анықтама»;
      келесі мазмұндағы 5-1) тармақшасымен:
      «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ақмола облысы Әділет департаменті Жақсы ауданының әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі берген № 4 формадағы анықтамамен (жалғыз басты аналар үшін)» толықтырылсын;
      3 тармақшаның жаңа жолындағы «үш күн ішінде» сөзі алынып тасталсын;
      5) 12 тармақтың 4 тармақшасы «азаматтардың тегін және жеңілдікпен протездеуге бару жолының ақысы, азаматтарды протездеу кезінде ұстау, емделуге тұрғылықты жерден тыс жерлерге баруға тегін немесе жеңілдікпен жолақысын төлеу, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заттай көмек түрлері, протезді-ортопедиялық өнімдер (дайындау және жөндеу), емделу орнына дейін жеңілдікпен жету жолын, қозғалу құралдары (кресло-арбалар) және мүгедектерге бөлінген оңалтудың басқа құралдары, білім алу кезеңінде оқушыларды тегін тамақтандыру» сөздерімен толықтырылсын»;
      9), 10), 11), 12) тармақшалары алынып тасталсын;
      6) 17 тармақтың 3 тармақшасында «балалары» сөзі «анасы» сөзімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім Жақсы ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланған (күнінен) бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жақсы аудандық мәслихаттың
      он жетінші, кезектен тыс
      сессиясының төрағасы                       Ұ.Шакеев

      Жақсы аудандық
      мәслихатының хатшысы                       М.Ыбыраев

      КЕЛІСІЛГЕН:

      Жақсы ауданының
      әкімі                                      И.Қабдуғалиев

      «Жақсы ауданының
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі» ММ
      бастығы                                    Қ.Дүзелбаев

      «Жақсы ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі» ММ
      бастығы                                    Л.Сейдахметова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады