Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімінің 22.12.2009 № 26 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33, 37 баптары және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабы негізінде, жастарды әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамды деңгейін анықтау, жалпы білімінің, алған мамандығының және дене тәрбиесі дайындығының деңгейін белгілеу мақсаттарында, аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙДЫ:
1. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Аймақтық Тізілімінде № 1-14-91 тіркелген, «Зеренді» аудандық газетінде 2009 жылы 14 қаңтарда жарияланған, Зеренді ауданы әкімінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 29 «2009 жылы Зеренді аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды тіркеуден өткізуді ұйымдастыру туралы» шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
4 тармақта:
3) тармақша алынып тасталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.А.Таласбаеваға жүктелсін.
3. Осы шешім Зеренді ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап әрекетке енгізіледі.
Аудан әкімі Е.Сағдиев
КЕЛІСІЛДІ
Зеренді ауданы
«Қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік
мекемесінің бастығы Бражанов Т.Ә.
Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы Қазияқпарова З.Б.
«Зеренді аудандық емханасы»
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының бас
дәрігері Таңатаров С.Е.
«Зеренді ауданының ішкі
істер бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Шәріпов Е.Р.