2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 11 маусымдағы № 180 қаулысы. Ақмола облысы Зеренді ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 26 маусымда № 1-14-98 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 92 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 19.03.2010 № 92 қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес және «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзiмді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығы, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзiмді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасы азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 543 қаулысы негізінде, аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар, 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында «Ақмола облысы Зеренді ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Аудандық шақыру комиссиясы 1 қосымшаға сәйкес құрылсын.
      3. Әскери қызметке азаматтарды шақыртуды өткізудің кестесі 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      4. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Зеренді аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері (келісім бойынша), Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Зеренді орталық аудандық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері (келісім бойынша) «Ақмола облысы Зерендi ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесiнде медициналық куәландыру өткізу үшін қажеттi дәрiгер-мамандар, орта медициналық персонал, құралдар бөлсін.
      5. Селолық округ және кент әкiмдерi шалғай жерлерде тұратын азаматтарды медициналық және шақыру комиссияларынан өту үшін жеткізуді және оларды әскери қызмет өткеру үшін жөнелтуді қамтамасыз етсін.
      6. «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының Ішкі істер департаменті Зеренді аудандық iшкi iстер бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) шақыруды өткізу кезiнде әскери бөлімдерге шақырылушылардың жөнелтілуі мен кетуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын, сондай-ақ әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды іздестіруді және жеткізуді қамтамасыз етсін.
      7. Зеренді ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 116 «2008 жылғы сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке азаматтарды кезекті рет шақыртуды өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-14-81 болып тіркелген, 2008 жылғы 14 мамырда «Бірлік-Единство» газетінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау әкiмнiң орынбасары Ә.А.Таласбаеваға жүктелсін.
      9. Осы қаулы 2009 жылдың 17 сәуірінен бері пайда болған құқықтық қатынастарға таралады.
      10. Осы қаулы Зеренді ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап әрекетке енгізіледі.

      Аудан әкiмі                                Е.Сағдиев

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Ақмола облысы Зеренді ауданының
      қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Бражанов Т.Ә.

      Ақмола облысы денсаулық сақтау
      басқармасының жанындағы
      «Зеренді орталық аудандық аурухана»
      мемлекеттік коммуналдық қазыналық
      кәсіпорнының бас дәрігері                  Жанғалов Б.Б.

      Ақмола облысы денсаулық сақтау
      басқармасының жанындағы
      «Зеренді аудандық емханасы»
      мемлекеттік коммуналдық қазыналық
      кәсіпорнының бас дәрігері                  Таңатаров С.Е.

      «Қазақстан Республикасының Ішкі істер
      министрлігі Ақмола облысының
      Ішкі істер департаменті Зеренді
      аудандық iшкi iстер бөлiмi»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Е.Р.Шәріпов

Қосымша 1        
аудан әкімдігінің 2009 жылғы
қаулысына        

Аудандық шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ

      Тұрар Әлжанұлы Бражанов     -      «Ақмола облысы Зеренді
                                         ауданының қорғаныс істері
                                         жөніндегі бөлімі»
                                         мемлекеттік
                                         мекемесінің бастығы,
                                         комиссия төрағасы;

      Әлия Аманжолқызы Таласбаева    -   Зеренді ауданы әкімінің
                                         орынбасары, комиссия
                                         төрағасының орынбасары.

      Комиссия мүшелері:

      Талғат Сұлтанғалиұлы Қарабалин  -  «Қазақстан Республикасының
                                         Ішкі істер министрлігі
                                         Ақмола облысының Ішкі істер
                                         департаменті Зеренді
                                         аудандық iшкi iстер бөлiмi»
                                         мемлекеттік мекемесі
                                         бастығының орынбасары;

      Ғиззат Қуанышбайқызы Сүлейменова - Ақмола облысы денсаулық
                                         сақтау басқармасының
                                         жанындағы «Зеренді орталық
                                         аудандық аурухана»
                                         мемлекеттік коммуналдық
                                         қазыналық кәсіпорны бас
                                         дәрігерінің орынбасары,
                                         медициналық комиссияның
                                         төрағасы.

      Валентина Викторовна Куликова   -  Ақмола облысы денсаулық
                                         сақтау басқармасының
                                         жанындағы «Зеренді орталық
                                         аудандық аурухана»
                                         мемлекеттік коммуналдық
                                         қазыналық кәсіпорнының
                                         медбикесі, комиссия хатшысы.

Қосымша 2        
БЕКІТІЛДІ        
аудан әкімдігінің 2009 жылғы
қаулысымен       

Мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыртуды өткізудің кестесі

Селолық округ және кенттердің атауы

Комиссия жұмысы күндері, уақыты 9.00-ден 18.00-ге дейін

сәуір

мамыр

маусым

қазан

қараша

желтоқсан

1

Зеренді

17

22

11

1

4

8

2

Викторовка

20

25

12

2

5

9

3

Исаковка

21

26

15

5

6

10

4

Пухальск

22

27

16

6

9

11

5

Қызылегіс

23

28

17

7

10

14

6

Қанай-би атындағы

24

29

18

8

11

15

7

Приречен

27


19

9

12

18

8

Садовый

28


22

12

13

21

9

Троицк

29


23

13

16

22

10

Чаглинка

30


24

14

17

23

11

Байтерек


4

25

15

18

24

12

Бұлақ


5

26

16

19

25

13

Сарыөзек


6

29

19

20

28

14

Алексеевка


7

30

20

23

29

15

Ақкөл


8


21

24

30

16

Ортақ


11


22

25

31

17

Самарбай


12

1

23

26


18

Күсеп


13

2

26

27


19

Қазоты


14

3

27

30


20

Қызылсая


15

4

28


1

21

С.Сейфуллин атындағы


18

5

29


2

22

Қонысбай


19

8

30


3

23

Симферополь


20

9


2

4

24

Бірлестік


21

10


3

7

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады