Бөгенбай би ауылының, Красиловка ауылының, Қызылқайнар ауылының көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Зеренді ауданы Викторовка селолық округі әкімінің 2009 жылғы 14 тамыздағы № 2 шешімі. Ақмола облысы Зеренді ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 16 қыркүйекте № 1-14-111 тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбында "селосының" сөзі "ауылының" сөзіне және бүкіл мәтін бойынша "селосы", "селолық", "селосының" деген сөздер тиісінше "ауылы", "ауылдық", "ауылының" деген сөздермен ауыстырылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы Викторовка ауылдық округі әкімінің 07.04.2017 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Бөгенбай би ауылы, Красиловка ауылы және Қызылқайнар ауылы халқының пікірін ескере отырып, Викторовка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Бөгенбай би ауылы, Красиловка ауылы және Қызылқайнар ауылының көшелеріне атаулар берілсін:

      1) Бөгенбай ауылы:

      № 1 көшеге - Әз батыр атындағы атау;

      № 2 көшеге - Береговая атауы;

      2) Красиловка ауылы:

      № 1 көшеге - Бөгенбай би атындағы атау;

      № 2 көшеге - Жастар атауы;

      № 3 көшеге - Орталық атауы;

      3) Қызылқайнар ауылы:

      № 1 көшеге - -Бейбітшілік атауы.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Зеренді ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Б.Дүйсенов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Зеренді ауданының
"Сәулет және қала
құрылысы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
В.М.Петрова
      Зеренді ауданының
"Мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
Ә.М.Райымбекова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады