Ақан ауылының, Баратай ауылының және Уголки селосының көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Ақмола облысы Зеренді ауданы Сарыөзек селолық округі әкімінің 2009 жылғы 12 тамыздағы № 2 шешімі. Ақмола облысы Зеренді ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 16 қыркүйекте № 1-14-115 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, Ақан ауылы, Баратай ауылы және Уголки селосы халқының пікірін ескере отырып, Сарыөзек селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақан селосының, Баратай селосының және Уголки селосының көшелеріне атаулар берілсін:
      1) Ақан ауылы:
      № 1 көшеге – Бейбітшілік атауы;
      № 2 көшеге - Сарыөзек атауы;
      № 3 көшеге - Орталық атауы;
      № 4 көшеге – Достық атауы;
      № 5 көшеге – Егемендік атауы;
      2) Баратай ауылы:
      № 1 көшеге – Шағалалы атауы;
      № 2 көшеге – Жастар атауы;
      № 3 көшеге – Тәуелсіздік атауы;
      № 4 көшеге – Ақсу атауы;
      № 5 көшеге – Ұялы атауы;
      3) Уголки селосы:
      № 1 көшеге – Бейбітшілік атауы;
      № 2 көшеге – Теректі атауы;
      № 3 көшеге – Ақ қайың атауы;
      № 4 көшеге – Шиелі атауы;
      № 5 көшеге – Бәйтерек атауы;
      № 6 көшеге – Қарағайлы атауы.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Зеренді ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік  тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім                                       А.Есмағамбетов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Зеренді ауданының
      «Сәулет және
      қала құрылысы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    В.М.Петрова

      Зеренді ауданының
      «Мәдениет және
      тілдерді дамыту бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Ә.М.Райымбекова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады