Айгержал селосының, Жамбыл селосының көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Зеренді ауданы Қазоты селолық округі әкімінің 2009 жылғы 13 тамыздағы № 2 шешімі. Ақмола облысы Зеренді ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 16 қыркүйекте № 1-14-113 тіркелді.

      Ескерту. шешімнің тақырыбында "селосының" сөзі "ауылының" сөзіне және бүкіл шешімнің мәтіні бойынша "селосы", "селолық", "селосының" деген сөздері "ауылы", "ауылдық", "ауылының" деген сөздермен ауыстырылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы Күсеп ауылдық округі әкімінің 27.03.2017 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Айгержал ауылы, Жамбыл ауылы халқының пікірін ескере отырып, Қазоты ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Айгержал ауылының, Жамбыл ауылының көшелеріне атаулар берілсін:
      1) Жамбыл ауылы:
      № 1 көшеге – Абылайхан атындағы атау;
      2) Айгержал ауылы:
      № 1 көшеге – Жастар атауы.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Зеренді ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Әкім Л.Сантас

      КЕЛІСІЛДІ:
      Зеренді ауданының "Сәулет және
қала құрылысы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
В.М.Петрова
      Зеренді ауданының "Мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
Ә.Райымбекова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады