Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәслихатының 2010.07.21 № 5/22 (қолданысқа енгізу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) шешімімен
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылдың 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына және Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 7 желтоқсандағы № 123 Қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Аудандық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы "Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік төлемді жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы" № 4/3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-15-99 тіркелген, 2008 жылғы 5 ақпанда "Қорғалжын өңірі" № 3 газетінде жарияланған) төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
16 тармағы және 17 тармақтың 1) тармашасы мынадай редакцияда жазылсын:
Нан, ұн және коммуналдық қызметіне баға өсуіне байланысты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар отбасының әр қайсысына 1 айлық есеп көрсеткіш мөлшерінде ай сайын жеке есеп шотына аударылады.
Фтизиатр дәрігерінің анықтамасы болған жағдайда, нәрлі тамақтандырылуына - 1 айлық есеп көрсеткіш мөлшерінде ай сайын жеке есеп шотына аударылады.
2. Осы шешім қорғалжын ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тікеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы Ж.Темірбек
Аудандық мәслихат
хатшысы Ө.Балғабаев