Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәслихатының 2010 жылғы 21 шілдедегі № 5/22 шешімі. Ақмола облысы Қорғалжын ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 24 тамыздағы № 1-15-151 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 сәуірдегі № 3/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәслихатының 2012.04.25 № 3/3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
        Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің» 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Қорғалжын аудандық маслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына келесідей әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) негізгі азық-түліктің қымбаттауына байланысты ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, кедейлік шегінен төмен атаулы әлеуметтік көмек алушыларға;
      2) фтизиатр дәрігерінің анықтамасына сәйкес, ем қабылдаушы туберкулез науқастарына ыстық тамаққа 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      3) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына коммуналдық қызмет шығынына 2,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      2. Азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін бір жолғы әлеуметтік көмек, мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына және аз қамтылған тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссияның (әрі қарай комиссия) шешімі негізінде берілетін төмендегі түрлері:
      1) шұғыл әлеуметтік қолдауды қажет ететін жағдайда:
      1.1. онкологиялық және туберкулез ауруларын емдеу және басқа қиын жағдайларда комиссия белгілеген мөлшерде жылына бір рет;
      1.2. отбасының бір мүшесі қаза болған жағдайда жерлеу рәсіміне берілетін бір жолдық әлеуметтік көмек, жағдайы төмен отбасыларға және жұмыссыздар есебінде тұрған отбасылық анықтама негізінде 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      1.3. төтенше жағдайларда (өрт, су тасқыны) 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      2) бір жолғы әлеуметтік көмек «Қорғалжын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жанындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету бойынша комиссиясының шешімі негізінде келесі мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына белгіленсін:
      1.1. табыстары аз қамтылған отбасыларының, ауылдық жерлерден шыққан көп балалы отбасыларының колледждерінің күндізгі бөлімінде оқитын студентеріне оқу ақысы, оқу орнының (колледждердің) келісім шартына сәйкес, бір жылдық оқу ақысы толық көлемінде оқу орнының есеп шотына аудару арқылы;
      1.2. Келісім-шартпен жұмысқа орналасқан жоғарғы оқу орнын бітірген жас мамандарды әлеуметтік қолдау мақсатында - 100000 теңге мөлшерінде;
      1.3. аз қамтылған отбасыларға, көп балалы отбасыларға, отбасының табыстарына қарамастан жылына 1 рет 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      1.4. табыстары күн көріс деңгейінен төмен отбасыларына, мүгедектерге, дербес зейнеткерлерге, комиссия белгілеген мөлшерде жылына бір рет;
      1.5. Ақмола облысының тубдиспансерлік ауруханаларында емделуге жол шығынын өтеу үшін жылына екі рет 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      3) мемлекеттік мереке күндеріне орай:
      1.1. Жеңіс күніне бір жолғы берілетін төлем:
      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектерге -3000 теңге;
      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілгендерге -2000 теңге;
      Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілгендерге -2000 теңге;
      Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне -2000 теңге;
      Қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне (күйеулеріне) – 2000 теңге;
      Тыл еңбеккерлеріне – 2000;
      1941-1945 жылдары тылда 6 айдан кем емес жұмыс істеген еңбек ардагерлеріне - 2000 теңге;
      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына -2000 теңге;
      1.2. «Халықаралық әйелдер күніне» орай «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған аналарға-2000 теңге:
      1.3. «Қарттар күніне» ең аз және ең аз зейнетақыдан төмен алатын зейнеткерлерге,-1000 теңге;
      1.4. «Мүгедектер күніне» бірінші, екінші топтағы мүгедектерге 1000 теңге;
      1.5 бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлерге - 2000 теңге;
      1.6. «Балаларды қорғау күніне» – 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға -3000 теңге;
      1.7. «Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне дәрі алу үшін 2 айлық есеп көрсеткішпен ай сайын материалдық көмек көрсетілсін».
      4) Әлеуметтік көмек алу үшін тапсырылатын қажетті құжаттар: Міндетті құжаттар:
      өтініш;
      өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      өтініш берушінің жеке есеп – шоты;
      тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі.
      Қосымша құжаттар:
      Онкологиялық және туберкулез ауруларын емдеу және басқа қиын жағдайларда комиссия белгілеген мөлшерде жылына бір рет біржолғы әлеуметтік көмек алу үшін:
      операция жасау фактісін растайтын ауру тарихынан үзінді;
      амбулаториялық емделуде екендігі туралы фтизиатрдан анықтама;
      отбасы мүшелерінің өткен тоқсандағы табыстары туралы мәлімет.
      Отбасының бір мүшесі қаза болған жағдайда жерлеу рәсіміне берілетін бір жолдық әлеуметтік көмек, жағдайы төмен отбасыларға және жұмыссыздар есебінде тұрған отбасылық анықтама негізінде 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек алу үшін:
      қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі;
      отбасы мүшелерінің өткен тоқсандағы табыстары туралы мәлімет.
      Табыстары күн көріс деңгейінен төмен отбасыларына, мүгедектерге, дербес зейнеткерлерге, комиссия белгілеген мөлшерде жылына бір рет біржолғы әлеуметтік көмек алу үшін:
      жеңілдік санатына кіретіндігін растайтын құжаттың көшірмесі;
      мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі және мүгедектің жеке оңалту бағдарламасынан үзінді;
      санаторлық- курорттық емделуге мұқтаж мүгедектер үшін санаторлық – курорттық карта;
      мұқтаж мүгедектер үшін емделуге бару үшін жол билеттері немесе жолақы құнын растайтын анықтама;
      ауруханада емделіп жатқандығы туралы анықтама;
      амбулаториялық емделуде екендігі туралы фтизиатрдан анықтама;
      отбасы мүшелерінің өткен тоқсандағы табыстары туралы мәлімет;
      туу туралы куәлігінің көшірмесі.
      Ақмола облысының тубдиспансерлік ауруханаларында емделуге жол шығынын өтеу үшін жылына екі рет 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек алу үшін:
      мұқтаж мүгедектер үшін емделуге бару үшін жол билеттері немесе жолақы құнын растайтын анықтама;
      отбасы мүшелерінің өткен тоқсандағы табыстары туралы мәлімет.
      Құжаттарды салыстырып тексеру үшін түпнұсқа мен көшірмелер де ұсынылады, содан сон құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге өтініш берген күні қайтарылады.
      Ескерту. 2 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәслихатының 2010.12.22 № 2/27 (қолданысқа енгізу тәртібін  2-тармақтан қараңыз); 2011.12.12 № 4/39 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен
      3. Мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге шығындарды қаржыландыру 451007 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек» бағдарламасында қарастырылған аудандық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
      4. Қорғалжын аудандық мәслихатының «Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік төлемді жүзеге асыру Ережесі» 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 4/3 ( нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-15-99 тіркелген, «Қорғалжын өңірі» газетінде 2008 жылғы 5 ақпанында «Қорғалжын өңірі» № 3 газетінде жарияланған), аудандық мәслихаттың «Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік төлемді жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 12-ші желтоқсандағы № 4/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2009 жылғы 30 наурыздағы № 3/11 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-15-121 тіркелген, 2009 жылғы 20 мамырда «Қорғалжын өңірі» № 14-15 газетінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылсын.
      5. Осы шешім Қорғалжын ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қорғалжын аудандық
      мәслихат сессиясының
      төрағасы                                   М.Қ. Ералин

      Қорғалжын аудандық
      мәслихат сессиясының
      хатшысы                                    Ө. К. Балғабаев

      «Келісілді»

      Қорғалжын ауданының әкімі                  С.Р. Қасенов

      «Ақмола облысы Қорғалжын
      аудандық экономика және
      бюджеттік жоспарлау бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            С.А. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады