Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәслихатының 21.07.2010 № 11/22 шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылдың 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қорғалжын аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу үшін біржолғы талондардың бағасы № 1, № 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Мерзімі өтуіне байланысты аудандық мәслихаттың "Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу үшін "2008 жылға біржолғы талондардың бағасын бекіту туралы" 27.06.2008 № 4/5 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-15-112 тіркелген, 2008 жылғы 12 тамызда "Қорғалжын өңірі" № 16 газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім Қорғалжын ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы Ж.Темірбек
Аудандық мәслихат
хатшысы Ө.Балғабаев
КЕЛІСІЛДІ:
Қорғалжын ауданының
әкімі С.Қасенов
Қорғалжын ауданы бойынша
Салық басқармасының
бастығы Т.Ахмеуллин
Қорғалжын
аудандық мәслихатының
30.03.2009 ж. № 4/11 шешіміне
№ 1 қосымша
Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу үшін бір жолғы талондар бағасын бекіту туралы
№ |
Қызмет түрлерінің атауы |
Бір күнге бір жолғы талондар бағасы, теңге есебімен |
1 |
Жүзеге асыру (стационарлық үй-жайларда жүргізілетін қызметтерден басқа): |
|
2 |
Жер учаскелерін өндеу жөнінде жеке меншік трактор иелерінің қызметі |
170 |
3 |
жеке меншік жеңіл және жүк таситын автокөлік иелерінің жолаушылар тасымалдау, жүк тасу жөніндегі көрсететін қызметтері (лицензияланған тасымалдаудан басқа): |
|
Қорғалжын
аудандық мәслихатының
30.03.2009 ж. № 4/11 шешіміне
№ 2 қосымша
Қорғалжын аудандық базарында заттар сату жөніндегі бір жолғы талондар бағасы (базар аумағындағы келісім-шарт бойынша жалға алынған үй-жайлардан басқа)
№ |
Заттардың және сауда-саттық қызметі түрлері бойынша жалға жұмыс пен қызметтердің атауы |
Бір күнге берілетін бір жолғы талондар бағасы, теңге есебімен |
1 |
Ет |
450 |
2 |
Балық |
130 |
3 |
Сүт өнімдері |
100 |
4 |
Жеміс-жидектер, көкеніс |
150 |
5 |
Кондитерлік заттар |
300 |
6 |
Тағамдар |
150 |
7 |
Бас киімдер |
180 |
8 |
Тері-жүн бұйымдары |
270 |
9 |
Киімдер |
200 |
10 |
Аяқ киім |
200 |
11 |
Құрылыс материалдары |
250 |
12 |
Балалар ойыншықтары |
150 |
13 |
Шұлықтар |
150 |
14 |
Кір жуатын заттар |
150 |
15 |
Шаруашылық заттары |
150 |
16 |
Қосалқы бөлшектер |
450 |
17 |
Бұрын қолданған қосалқы бөлшектер |
250 |
18 |
Әтірлер, әшекей бұйымдар |
150 |
19 |
Кеңсе заттары |
120 |
20 |
Электр заттары |
180 |
21 |
Көліктен заттар жасау (жеміс-жидектер, көкеніс) |
250 |