Сандықтау ауданы әкімінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 10 "2009 жылы қаңтар-наурыз айларында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарға тіркеу жүргізу туралы" шешіміне өзгеріс туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 3 шешімі. Ақмола облысы Сандықтау ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 27 қаңтарда № 1-16-88 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 12 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2009.08.24 № 12 қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының негізінде Сандықтау ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Сандықтау ауданы әкімінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы №10 «2009 жылы қаңтар-наурыз айларында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарға тіркеу жүргізу туралы» шешіміне (Мемлекеттік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің аймақтық тізілімінде 1-16-87 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 26 қаңтардағы №7 (7777) «Сандыктауские вести» газетінде жарияланған) келесі өзгерісті енгізсін:
      3 тармақтың 1) тармақшасын шығарып тастасын.
      2. Сандықтау ауданы әкімінің 2009 жылғы 22 қаңтардағы №2 «Сандықтау ауданы әкімінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы №10 «2009 жылы қаңтар-наурыз айларында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарға тіркеу жүргізу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі жойылсын.
      3. Осы шешім Сандықтау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                       Ө.Мұсабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады