Сандықтау ауданының аумағында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 11 ақпандағы № 9/7 шешімі. Ақмола облысы Сандықтау ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 19 наурызда № 1-16-92 тіркелді№. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 сәуірдегі № 3/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2012.04.20 № 3/3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының 2 тармағына сәйкес, Сандықтау ауданының әкімінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 11/268 ұсынысымен, аудан мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Сандықтау ауданының аумағында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің ұсынылған Ережесін бекітсін.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды аудандық
мәслихаттың бюджет, қаражат және әлеуметтік-экономикалық даму
жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім Ақмола облысы Сандықтау ауданының Әділет
басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және «Сандыктауские вести» газетінде ресми жарияланған күннен бастап
қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Ш.Докаев

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Ш.Сабержанов

      КЕЛІСІЛДІ

      Аудандық экономика
      және бюджеттік жоспарлау
      бөлімінің бастығы                          Н.Мурашиди

      Сандықтау ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар
      бөлімінің бастығы                          С.Назарович

Сандықтау аудан мәслихатының
2009 жылғы 11 ақпандағы
№ 917 шешімімен бекітілген
қосымша

Сандықтау ауданының аумағында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ереже

      1. Нақты ереже «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23
қаңтардағы Заңының 6 бабының, «Тұрғын үй қатынастары туралы»
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабының 2 тармағының, «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет
көрсетудің стандарттарын бекіту туралы» (мемлекеттік нормативтік
құқықтық кесімдердің Аймақтық тізілімінде 2008 жылы 4 қыркүйекте № 3269 нөмірімен тіркелген, 2008 жылы 11 қыркүйекте № 117 «Акмолинская правда» газетінде жарияланған) Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылы 21 тамызда № А-6/357 қаулысының негізінде әзірленген.
      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша өкілетті орган «Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады (бұдан әрі – Өкілетті орган).
      3. Алаңның нормасынан жоғары белгіленген коммуналдық қызмет
үшін төлем жалпы негіздерде жүргізіледі. Өтемақы шараларымен
қамтамасыз етілетін, тұрғын үй алаңының нормасы бір адамға 18 шаршы метр болып қабылданады. Жалғыз басты азаматтар үшін өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін, тұрғын алаңының нормасы 30 шаршы метр, бірақта бір бөлмелі пәтердің көлемінен артық емес.
      4. Тұрғын үй көмегі тұрғын үйдің меншік иесі немесе жалға алушы (жалдаушы) Сандықтау ауданының аумағында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) бюджеттік қаражаттың есебінен Өкілетті органмен көрсетіледі.
      5. Тұрғын үй көмегі осы мақсатқа жұмсалған шығыстардың үлесінің шегінен, коммуналдық қызметті төлеуге отбасының деректі шығыстары
көбейгенде тағайындалады.
      6. Коммуналдық қызметті төлеуге жұмсалған шығыстардың шегінің
үлесі отбасының жиынтық кірісінен 15 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
      7. Коммуналдық қызметті тұтынудың нормативтері:
      сумен қамтылу – 1 адамға 2,2 куб метрден артық емес;
      газбен қамтылу – отбасына 1 баллон газ;
      электрмен қамтылу – отбасына 100 квт;
      отын – 5 тонна көмір.
      8. Коммуналдық қызметті тұтынуды есепке алу құралдары бар,
тұтынушылар үшін есеп айырысуға қабылданған шығыстар, коммуналдық
қызметті тұтынудың белгіленген нормативтерінен артық емес, есепке алу құралдарының негізінде, қызмет толық көлемде көрсетілгенде, өткен тоқсанның немесе соңғы тоқсанның деректі шығыстары бойынша
анықталады.
      9. Тұрғын үй көмегіне есеп айырысу үшін барлық коммуналдық
қызметтер және оларды өзгерту тарифтері қызмет берушілермен ұсынылады.

2. Тұрғын үй көмегін ұсыну тәртібі

      10. Жеке меншікте бір бірліктен артық тұрғын үйлері бар, немесе тұрғын үйді жалдаушы (жалға алушы) немесе жалдама тұлғалар
тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
      11. Тұрғын үй көмегін алуға құқықтары жоқ отбасылар, 1, 2 топ
мүгедектерін күтімімен айналысатын, 16 жасқа дейінгі мүгедек- балалардың күтімімен айналысатын немесе 3 жасқа дейінгі баланың
күтімімен айналысатын тұлғалардан басқа, егерде, жұмыс істемейтін,
оқымайтын, әскерде қызмет етпейтін және Өкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелмеген еңбекке жарамды тұлғалар. Жедел қызметтегі әскери қызметкерлер отбасы құрамында саналмайды.
      12. Тұрғын үй көмегі Өкілетті органға өтініш берген күннен бастап тоқсанға тағайындалады. Тұрғын үй көмегін алушыларды қайта тіркеу алғашқы рәсімдеу процедурасына ұқсас.
      13. Тұрғын үй көмегін тағайындауға үміткер отбасыларына,
аударғанда есеп айырысуға келесі шектеулер қабылданады:
      өтініш беруші заңды некеде, жұбайының тұрғылықты жерін білмейді (көрсетпейді) және бұл мәселе бойынша құқық қорғау органдарына өтініш тастамаған – тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
      14. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер немесе оны алушы отбасылары Өкілетті органға оның өтінішін ресімдеу үшін келесі
құжаттарды қосып тапсырады (түпнұсқа және көшірме):
      1) тұрғын үй иесімен (жалға алушы) бірге тұратын барлық
тұлғаларды куәландыратын құжаттар;
      2) тұрғын үйге құқығын куәландыратын құжат (жекешелендіру шарты, сыйға тарту шарты, сатып алу-сату шарты және т.б.), меншік
құқығындағы бар (жылына бір рет), тұрғын үй (пәтер, үй) бірлігі туралы ақпараттық анықтама;
      3) азаматтарды тіркеу кітабы;
      4) отбасының барлық кірісі туралы мәлімет (өткен тоқсанға);
      5) жер телімі және жеке қосалқы шаруашылығы туралы мәлімет;
      6) жалғыз басты аналар үшін әділет органынан 4 үлгісіндегі
анықтама (азаматтардың хал актісінен жазба);
      7) коммуналдық қызметтерге төлем туралы мәлімет (өткен
тоқсанға);
      8) жұмыссыз ретінде тіркелуі туралы анықтама;
      9) газ баллондарды сатып алу туралы түбіртек (өткен тоқсанға).
      15. Отбасы кірісі және коммуналдық төлемдер кіргізілген, тапсырылған құжаттарды қарастыру нәтижелері бойынша, отбасына есеп
құрылады. Есеп отбасы өкілімен немесе отбасы атынан шыққан тұлғамен
және Өкілетті органда құжаттарды қабылдаумен айналысатын тұлғамен қол қойылады. Есеп айырысудың негізінде екі данадан шарт жасалады, біреуі тұрғын үй иесіне (жалдаушыға) беріледі. Аталған шарт тұрғын үй
көмегін беру үшін негіз болады.
      16. Өткен тоқсан өтінішінен орташа тоқсанға, газға түбіртек, электрмен қамту, газбен қамту және сумен қамту бойынша шығыстар есепке түбіртек бойынша алынады.
      17. Жергілікті отынмен жағылатын үйлер мен пәтерлерде тұратын отбасыларына тұрғын үй көмегінің есебі үшін, тұрғын үйдін әлеуметтік нормасына сәйкес отын шығыстары есепке алсын.
      18. Көмір құнының есебі үшін, тұрғын үй көмегі есебінен өткен тоқсанға, тоқсанның соңғы айындағы жағдайы бойынша статистика және
ақпрарат басқармасы ұсынған, аудан бойынша орташа бағаны пайдалансын (қыркүйек).
      19. Көмірді сатып алудың маусымдығына байланысты, тұрғын үй
көмегін есептегенде тұрғын үйдін барлық әлеуметтік нормаларының
шығысы отын жағу маусымының басталардың алдында есептелсін.
      20. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 күннің ішінде Өкілетті органды өз үйінің меншік түрінің барлық өзгерістері туралы, отбасы
құрамы және оның жиынтық кірісі туралы, сонымен бірге статусы туралы құлақтандыруы тиіс.
      21. Өкілетті органға жоғары немесе заңсыз тұрғын үй көмегін
тағайындауға апарған жалған мәліметтер тапсырған меншік иесі (жалдаушы) заңсыз алынған соманы ерікті түрде, бас тартқан жағдайда сот тәртібінде қайтарады.
      

3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері

      22. Тұрғын үй көмегінің мөлшері өтемақы шараларын қамтитын, коммуналдық қызметтердің нормасының шегіндегі меншік иесінің жеке
төлемімен және осы мақсатқа осы отбасының шығыстары деңгейінің
шегінің арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі.

4.Тұрғын үй көмегін алуға үміткер азаматтардың
(отбасылардың) жиынтық кірісін есептеу

      23. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер азаматтардың (отбасылардың)
жиынтық кірісі, отбасы кірісін анықтау үшін тұрғын үй көмегін
тағайындаумен айналысатын, Өкілетті органмен есептеледі.
      24. Отбасының жиынтық кірісін есептегенде өткен тоқсанға тұрғын үй көмегіне өтініш тастаған, тоқсанға деректі алынған тұрғын үй, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына мемлекеттік балалар жәрдемақысы көмегінен басқа кірістін барлық түрлері есептеледі:
      1) еңбек ақы түріндегі кірістер табыстың барлық түрлері, сонымен бірге негізгі жұмыс орны және қосымша жұмыс орны бойынша
заңға сәйкес жұмыс істеген уақытына жұмысшыларға төленетін ақшалай соманы қоса, ақшалай және натуралды түрдегі әлеуметтік жеңілдіктер мен қосымшалар сыйақы, үстеме қосымшалар кіреді; төлемдердің басқа
түрлері (еңбек шартын бұзған жағдайдағы, еңбек шартын бұзғандағы жыл сайынғы пайдалынмаған еңбек демалысы, ұйыммен бірге мемлекеттік жерге жұмыс істеуге жұмысшыларды ауыстырғандағы, оқу демалыстарының
төлемдері өтемақы төлемдері);
      2) зейнетақының барлық түрлері; шәкіртақы; жасы бойынша және асыраушысын жоғалту бойынша, мүгедектігі бойынша, мемлекеттік
әлеуметтік жәрдемақы; белгіленген заңдар және басқа да нормативті
құқық актілері тәртібіндегі, сонымен бірге мемлекеттік өзін-өзі
басқару органдарының және жұмыс берушілердің шешімдерімен
тағайындалған өтемақы төлемдері;
      3) балаларға және басқа асыраушыларға алименттер;
      4) денсаулығына зақым келтіру немесе жара келтіру салдарынан, шығынды қайтару тәртібінде алынған бір жолғы сомалар;
      5) жеке қосалқы шаруашылық кірістері;
      6) кәсіпкерлік және қызметтің басқа түрлерінің кірістері;
      7) азаматтармен ерікті жарияланған басқа да кірістер.
      25. Жеке қосалқы шаруашылықтан алынған кіріс бес есептеу
көрсеткіші мөлшерінде есептеледі.
      26. Кәсіпкерлік қызметінен алынатын кіріс, мүліктен және жер
үлесінен алынатын кіріс жарияланған ретінде есептеледі.

5. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу

      27. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру бюджет қаражатының
есебінен жүргізіледі.
      28. Коммуналдық қызметтерді ұстауға және ұсынуға есеп айырысу
және нормативті шығыстарын анықтау Өкілетті органдардың бақылауымен
жүргізіледі.
      29. Тұрғын үй көмегінің төлемдері екінші деңгейдегі банктерде
өтініш берушінің жеке шоттарына аударылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады