Сандықтау ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 сәуірдегі № 3/3 шешімі. Ақмола облысы Сандықтау ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 17 мамырда № 1-16-153 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 тамыздағы № 17/8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 26.08.2013 № 17/8 (қол қойылғаннан кейін күшіне және қолданысқа енеді) шешімімен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1.Қоса беріліп отырған Сандықтау ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ережесі бекітілсін.
      2. Сандықтау аудандық мәслихаттың "Сандықтау ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 11 ақпандағы № 9/7 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-16-92 болып тіркелген, 2009 жылғы 8 сәуірде аудандық "Сандыктауские вести" газетінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
М. Қасымова
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
С. Клюшников

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Сандықтау ауданының әкімі Қ Сүйіндіков
      "Сандықтау ауданының
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесі бастығы
С. Назарович
      "Сандықтау ауданының
экономика және қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесі бастығы
Н. Мурашиди

  Ереже
Аудандық мәслихат
2012 жылғы 20 сәуір
сессиясының № 3/3
шешімімен бекітілген

Сандықтау ауданында тұратын
аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін көрсету
ЕРЕЖЕСІ

      Осы Сандықтау ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ережесі (бұдан әрі - ереже) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына, "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысына сәйкес әзірленген және Сандықтау ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін анықтайды.

1. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй көмегі Сандықтау ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) аудандық бюджеттің қаражаты есебінен шығындарды өтеу үшін төлемдер бойынша:
      жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстары;
      тұрғын жайдың меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
      жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге;
      жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге беріледі.
      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2012.12.06 № 9-3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегi отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстар төлемдері, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерi үшiн, тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн, жеке тұрғын үйде, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде) пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептегішін сатып алу үшін жалға алу ақысының тұтыну нормалары шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеуге шығуы мүмкін шығындар үлесінің шегі отбасының жиынтық табысының 15% мөлшерінде белгіленеді.
      Ескерту. 2 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2012.12.06 № 9-3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      3. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтыну белгіленген көлемнің нормасынан жоғары болса, төлем жалпыға бірдей негізде жүргізіледі. Жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр. Жалғыз тұратын азаматтар үшін жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы отыз шаршы метр.
      4. Жергілікті жылумен қатты отынды тұтынуға өтемақы нормасы жылу кезеңіне пайдалы алаңына 1 шаршы метрге 114,7 килограмм мөлшерінде белгіленсін, бірақ отбасына өтініш тастаған тоқсанына 5 тоннадан артық емес.
      Статистикалық мәліметке сәйкес өткен тоқсанда құрылған көмірдің орташа бағасы қабылдансын.
      Ескерту. 4 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2012.12.06 № 9-3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      5. Газ балон мен жабдықтау кезінде өтемақы нормасы отбасының әр мүшесіне айына екі газ (бір балонның салмағы он килограм нан аспау керек) баллоннан.
      6. Электр энергиясының шығын нормасы бір адамға айына 200 (екі жұз) киловаттан белгіленсін.
      7.Су шығыны отбасының әр мүшесіне айына 2,5 куб шаршыдан артық емес нормасы белгіленсін.
      8. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша өкілетті орган болып "Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі анықталды.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу

      9. Тұрғын үй жердемақысы өтініш берілген күнге байланысты емес ағымдағы тоқсанға толық тағайындалады, ал отбасының өткен тоқсандағы табыстары мен коммуналдық қызметтерінің шығындары есепке алынады.
      10. Отбасының табыстары, тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтердің төлемдерінің тарифтері өзгерген кезде "Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі бұрын есептелген тұрғын үй көмегіне қайта есептеулер жүргізеді.
      11. Тұрғын үй көмегі тұрғын үй иесі немесе жалдаушының (қосымша жалдаушының) келесі құжаттар қоса берілген өтініші негізінде тағайындалады:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі
      2) тұрғын үйге құқықтылығын белгілейтін құжаттың көшірмесі;
      3) тұрақты мекен-жайы бойынша тіркелуін растайтын құжат (мекен-жайының аңықтамасы немесе селолық және/немесе ауылдық әкімдердің аңықтамасы);
      4) отбасы мүшелерінің табыстарын растайтын құжаттар;
      5) отбасы мүшелерінің қызметі туралы мәліметтер (мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі, оқу орнынан анықтама, еңбек шарты);
      6) өткен тоқсандағы коммуналдық қызметтерді тұтыну (сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, канализация, жылумен жабдықтау, қоқыс шығару, электрқуатымен жабдықтау) шығындар туралы мәліметтер;
      7) Жекешелендірілген тұрғын үйлерде (пәтерлерде), жеке тұрғын үйлерде тұрып жатқан тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептегіш құнының түбіртек-шоты.
      Ескерту. 11 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2012.12.06 № 9-3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      12. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығындарға өтемақы алуға құқығы бар отбасылар (азаматтар) 11 тармақта көзделген құжаттармен қоса қосымша келесілерді ұсынады:
      1) кондоминимум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшерi туралы шот;
      2) жергiлiктi атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келiсiлген, пәтерлердiң меншiк иелерi мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекiтiлген кондоминимум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеудiң жекелеген түрлерiн жүргiзуге арналған шығыстар сметасы негiзiнде кондоминимум объектiсiн басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминимум объектiсiн басқару органы басшының қолымен расталған кондоминимум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшерi туралы шот.
      13. Телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтері төлемдері шығындарына жәрдемақы алу құқығы бар отбасылар (азаматтар) 11 тармақта көзделген құжаттардан басқа келесілерді ұсынады:
      телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсету шартының көшірмесі.
      14. Жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемдері шығындарына жәрдемақы алу құқығы бар отбасылар (азаматтар) 11 тармақта көзделген құжаттардан басқа келесілерді ұсынады:
      жергілікті атқарушы орган ұсынған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемінің мөлшері туралы шоттар.
      15. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі қоса ұсынылады, кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге сол күні қайтарылады.
      16.Қайта өтініш берген кезде 11 тармағындағы 1, 2, 3, 4 тармақшаларында көрсетілген құжаттар өзгерістер туындаған жағдайда ұсынылады.
      17. Тұрғын үй көмегi меншiгiнде бiр бiрлiктен көп тұрғын үйi (пәтер, үй) немесе тұрғын үйiн жалға беретiн, сондай-ақ еңбекке жарамды, бiрақ жұмыс iстемейтiн, күндiзгi бөлiмде оқымайтын, әскер қатарында емес және "Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнде жұмыссыз ретiнде тiркелмеген мүшелерi бар отбасылардан (күтiм көрсетуге мұқтаж адамдардың күтiмiн жүзеге асыратын азаматтардан басқалары) басқа аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) әр тоқсан сайын тағайындалады.
      18. "Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, егер телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдалануға үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу ақысы және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналар коммуналдық және абоненттік телефонға қызметтер байланыс қызметтерін тұтыну, жекешелендірілген тұрғын үйлерде (пәтерлерде), жеке тұрғын үйлерде тұрып жатқан тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептегіштің құнын отбасының осы мақсаттарға жергілікті белгіленген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінен аспайтын болса, мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тартады тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға белгіленген 15% шығыстарының шекті деңгейінен аспайтын болса тұрғын үй көмегін көрсетуден бас тартылады.
      Тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылармен (қосымша жалдаушылармен) жалған мәліметтер көрсетілген жағдайда тұрғын үй көмегін төлеу тоқтатылады.
      Ескерту. 18 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2012.12.06 № 9-3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      19. Өтініш берушіден құжаттарды қабылдап алғаннан кейін "Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі он күнтізбелік күн ішінде қарастырып тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімді шығарады.
      20. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы немесе бас тарту туралы хабарлама "Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүгінген кезде тікелей өзі баруы немесе пошталық хабарлама арқылы жасалады;
      21. Ұсынылған ақпараттың сенімділігіне күдік туындаған жағдайда "Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі тексеріс жүргізуге өкілетті органдарға жібереді. "Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңсыз немесе жоғары тұрғын үй көмегін тағайындалуына әкелген әдейі жалған мәліметтер берілсе, заңсыз тағайындалған соманы меншік иесі (жалға алушы) өз еркімен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда сот арқылы қайтарылады.
      22. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі төлемдерін "Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен екінші деңгейінде Банктердің бөлімшелері арқылы өтініш берушілердің жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырады.

3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының
(азаматтың) жиынтық табысын есептеу

      23. "Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы табыстарынан Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" Бұйрығы негізінде есептейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады