Үйлерінде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамсыздандыру туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 04 наурыздағы № 44 қаулысы. Ақмола облысы Целиноград ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 17 наурызда № 1-17-85 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 9 шілдедегі № А-6/130 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің 2010.07.09 № А-6/130 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы 11 бабы 2 тармағының 3 тармақшасын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы 31 бабының 14 тармағына сәйкес Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Үйлерінде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыру 18 жасқа толмаған әр мүгедек балаға тоқсанына 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде аудандық бюджеттің «Мүгедектерді әлеуметтік қолдау» бағдарламасы бойынша көзделген қаражатынан ұсынылсын.
      2. Келесі анықталсын:
      1) материалдық қамсыздандыру туылған, асырап алынған, сондай-ақ қамқоршылыққа алынған (толық мемлекеттік қамсыздандырудағы мүгедек балалардан басқасы) балалардың ата-аналарының біреуіне немесе олардың орнындарындағы тұлғаларға отбасының табысына қарамастан ұсынылады;
      2) материалдық қамсыздандыру құжаттар берілген айдан бастап психологиялық-медициналық- педагогикалық кеңесінің қорытындысы бойынша ұсынылады;
      3) материалдық қамсыздандыру 12 ай мерзімінде тағайындалады;
      4) материалдық қамсыздандыру төлемін төлеу қаржыландыру болуына қарай өткен тоқсанда жүргізіледі. Материалдық қамсыздандыруды тоқтату жағдайы туындаған кезде (мүгедек бала 18 жасқа толса, мүгедек бала қайтыс болса, мүгедектігі алынса) төлем төлеу осындай жағдай туындаған айдан кейінгі айда тоқтатылады.
      3. «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі үйлерінде оқытылып және тәрбиеленетін мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету үшін аудандық бюджеттен бөлінген ақша қаражатын уақытылы игеруді қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдансын.
      4. Аудан әкімдігінің осы қаулысы Целиноград ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап, аудандық «Призыв» және «Ұран» газеттерінде ресми түрде жарияланғаннан кейін күшіне енеді.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.А. Жанбаевқа жүктеледі.

Аудан әкімі                                   М. Мыңжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады