Целиноград ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2009 жылғы 29 сәуірдегі № 119/19-4 шешімі. Ақмола облысы Целиноград ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 21 мамырда № 1-17-88 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 185/27-4 шешімімен

      Целиноград аудандық әкімдігінің мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы ұсынысын қарастырып және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабын басшылыққа ала отырып Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қосымшадағы Целиноград ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету ережелері бекітілсін.
      2. Целиноград аудандық мәслихатының 2008 жылғы 26 наурыздағы «Целиноград ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы» № 40/8-4 шешімінің күші жойылған деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-17-68 тіркелген, 2008 жылғы 16 мамырда аудандық «Призыв»-«Ұран» газетінде жарияланған).
      3. Осы шешім Целиноград ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін өз күшіне енеді және Целиноград аудандық «Призыв»-«Ұран» газетінде ресми түрде жариялағаннан кейін іске асырылады.

      Целиноград аудандық
      мәслихаттың сессия
      төрағасы                                   Ә.Бектуров

      Целиноград аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        Б.Мәжіренов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Целиноград аудан
      әкімі                                      М.Мыңжанов

      Целиноград аудандық жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы                          А.Әшіров

Целиноград аудандық мәслихатының
2009 жылғы 29 сәуірдегі № 119/19-4
шешімімен
БЕКІТІЛДІ

Целиноград ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету ережелері

      Целиноград ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету ережелері (әрі қарай - ережелер) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»,2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарына, Целиноград аудандық мәслихатының 2008 жылғы 25 желтоқсанындағы «2009 жылға аудандық бюджет туралы» 86/15-4 шешіміне сәйкес әзірленді.

1. Жалпы ережелер

      1.Ақшалай төлем түріндегі әлеуметтік қолдау ауылдық округтер әкімдерінің өтініші бойынша аудан әкімі өкімімен келесі топтағы азаматтарға көрсетіледі:
      Ұлы Отан соғысына қатысқандарға;
      Ұлы Отан соғысына қатысқандарға теңестірілген тұлғаларға;
      барлық топ мүгедектерге;
      туберкулез ауырумен ауыратындарға;
      аз қамсыздандырылған азаматтарға;
      концлагердің тұтқындарына;
      аз қамсыздандырылған қорғалмаған азаматтарға.
      2.Ережелерді қаржыландыру көзі аудандық бюджет болып табылады.

2.Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және көлемі

      3.«Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекеме бір жолғы әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың жеке өтініштері, сондай-ақ ауылдық округ әкімдігінің өтініш хаты, жеңілдік куәлігі, азаматтардың тіркеу кітабы көшірмесі, материалдық тексеру актісі негізінде әр алушыға бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы аудан әкімінің өкімі үшін түсініктеме хат дайындайды.
      Аз қамсыздандырылған қорғалмаған азаматтарға жеке өтінішінің негізінде және оған төмендегі құжаттарын ұсына отырып, әлеуметтік көмек ай сайын 0,5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде,отбасының әр мүшесіне беріледі:
      жеке куәліктің көшірмесі;
      салық төлеушінің тіркеу нөмірінің (СТН) көшірмесі;
      азаматтардың тіркеу кітабының көшірмесі;
      әлеуметтік көмек мұқтаждығын растайтын құжат (материалдық тексеру актісі).
      4. Осы ереженің 1 тармағында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік қолдау Астана қаласының Қазпошта бөлімшесіндегі алушының жеке шотына ақшалай қаражат аудару жолымен ай сайын келесі көлемдерде жүзеге асырылады:
      Ұлы Отан соғысына қатысқандарға - 10000 теңге;
      Ұлы Отан соғысына қатысқандарға теңестірілген тұлғаларға - 5000 теңге;
      барлық топ мүгедектеріне - 5000 теңге;
      туберкулез ауыруымен ауыратындарға - 5000 теңгеден жылына екі рет;
      аз қамсыздандырылған азаматтарға - 5000 теңге;
      концлагердің тұтқындарына - ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      аз қамсыздандырылған қорғалмаған азаматтарға – 0,5 айлық есептік көрсеткіш.
      5.Әлеуметтік қолдау сондай-ақ айрықшалық ретінде мүгедектерге, соғыс ардагерлеріне, кресло-арба, сурдо-тифлотехникалық құралдарын сатып алуға, санаторий-курортқа жолдама алуға, сондай-ақ өрттен және төтенше жағдайларда зардап шеккендерге 10000 теңгеден 50000 теңгеге дейін көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады