Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2011.04.28 № 263/38-4 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 8 тармақшасына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1.Қосымшадағы Целиноград ауданында ит пен мысықтарды күту, серуенге шығару ережелері бекітілсін.
2.Осы шешім Целиноград аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күшіне енеді және ресми түрде алғашқы жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Целиноград аудандық
мәслихаттың сессия төрағасы Ә.Бектуров
Целиноград аудандық
мәслихаттың хатшысы Б.Мәжіренов
КЕЛІСІЛДІ:
Целиноград ауданының
әкімі М.Мыңжанов
Агроөнеркәсіптік
Кешендегі Мемлекеттік
инспекция комитетінің
Целиноград аудандық аумақтық
инспекциясының бастығы Б.Бикбулатов
Мемлекеттік санитарлық
эпидемиологиялық қадағалау
Басқармасының Ақмола
облысының Целиноград ауданы
бойынша бастығының
міндеттерін атқарушы Ж.Бұхарбаева
Целиноград аудандық
ішкі істер бөлімінің
бастығы А.Ғали
Целиноград аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 24 маусымдағы
№ 130/20-4 шешімімен
БЕКІТІЛДІ
Целиноград ауданының
аумағында иттер мен мысықтарды күту, серуенге шығару ережесі
1. Негізгі түсініктер
1. Целиноград ауданының төңірегінде иттер мен мысықтарды күту, серуенге шығару Ережесінде (әрі қарай Ереже) келесі анықтамалар қолданылады:
ветеринарлық мекемелер – бұл ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар, мемлекеттік ветеринарлық ұйымдар;
ветеринарлық (ветеринарлық-санитарлық) ережелер – бұл ветеринария саласында уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар орындау үшін міндетті болып табылатын ветеринариялық нормативтер негізінде ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт;
ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган – бұл Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген, өз өкілеттігі шегінде ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
ветеринарлық паспорт – бұл ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен белгіленген нысандағы құжат, онда жануардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы, жануарлар ауруларының профилактикасы, диагностикасы, және оларды емдеу мақсатында жүргізілген ветеринариялық дауалаудың мерзімдері мен сипаты көрсетіледі.
2.Жалпы ережелер
2. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзін басқару туралы», 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы», 2002 жылғы 4 желтоқсандағы «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы», Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтарындағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 3 бабына сәйкес және жергілікті атқару органдарына аудандағы ветеринариялық-санитариялық жағдайды жақсарту бойынша жұмыстарды белсендетуде көмек көрсету мақсатында жасалған.
Иттер мен мысықтарды күту, серуенге шығару Ережесі Целиноград ауданының төңірегіндегі барлық заңды және жеке тұлғаларға бірдей міндетті ортақ болады.
3. Осы ереже иттер мен мысықтардың иелеріне Целиноград ауданының барлық елді мекеніне, сонымен бірге ұйымдар мен кәсіпорындардың, меншік формасына тәуелсіз таратылады.
4. Ереженің мақсаты ветеринариялық-санитариялық процедураларды бақылау, ит мысықтарды профилактикалық емдеуге және диагностикасына, сонымен қатар адам мен жануарларға ортақ аурулардан сақтауға бағытталған.
5. Ит пен мысықтарды күтудегі негізгі қойылатын талаптар:
1) жануарларды жыл сайын тіркеуден өткізу және ветеринариялық паспорт беру;
2) жануарларды 2,5-3 айлық жасынан бастап тұрақты жері бойынша ветеринариялық мекемелерде (ветеринариялық дәрігер-лицензияттарда) аса қауіпті ауруларға қарсы вакцинация жасау, сонымен қатар паразиттерге қарсы егу және диагностикалық зерттеулер жүргізу;
жаңадан алынған жануарларға ветеринариялық мекемелерде тұрғылықты жері бойынша (селолық округтың мемлекеттік ветеринариялық инспекторында) 2 жұма ішінде тіркеліп ветеринариялық паспорт алу керек;
3) ветеринариялық-санитариялық ережелер мен талаптарды орындау.
6. Иттер мен мысықтарды Целиноград ауданының көлемінен тыс жерлерге сату, әкету, тек қана белгіленген үлгімен ветеринариялық куәлік ресімдеуінен кейін рұқсат беріледі. Ветеринариялық куәлік- ветеринариялық паспорт негізінде Целиноград ауданының бас мемлекеттік инспекторы беретін құжат, ол белгіленген үлгімен беріледі онда вакцинация және дегельминтизация жасалған күні көрсетіледі.
Иттер мен мысықтарды Целиноград ауданының аумағына әкелу тек қана Целиноград ауданының бас мемлекеттік инспекторының рұқсатымен иелерінің өтінімінің негізінде беріледі.
7. Егер де иттер мен мысықтар жұқпалы аурулармен ауырып қалса немесе олар қоршаған ортаға және адамдарға зиян келтірсе, Целиноград ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының шешімімен қамалады.
8. Иттер мен мысықтар қоғамдық жерлерде иелерісіз жүретін болса, уақытша иеленушілерімен байланып қалдырғандарынан басқалары, бұралқы қанғыбас деп саналып, селолық округтық әкімнің шешімімен құралған арнайы бригаданың (топтың) аулауына түседі.
9. Қанғып жүрген ит, мысықтарды аулап жою үшін:
1) осы мәселе бойынша ауыл тұрғындарымен жиын өткізу;
2) арнайы бригада (ұйымды) ұйымдастыру;
3) иесіз ит, мысықтарды аулау және жою үшін құрамында учаскелік инспектор полициясы, селолық округтың мемлекеттік ветеринарлық инспекторы және арнайы бригаданың (ұйымның) өкілі бар комиссиясын құру бойынша селолық округ өкімінің шешімін қабылдау.
3.Иттер мен мысықтар иелерінің құқықтары
10. Әр жануар, сонымен бірге иттер мен мысықтар иесінің меншігі болып келеді, сондықтан заңмен қорғалады.
4.Иттер мен мысықтар иелерінің міндеттері
11. Иттер мен мысықтардың иелері келесіге міндетті:
1) иттер мен мысықтарды биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес күту, ізгілікті қарау, қадағалаусыз қалдырмау, егер де ауырып қалса, ветеринариялық дәрігерге бару;
2) иттерді күтіп, серуендетіп жүрген жерлерде санитарлық күйін сақтау;
3) иттер мен мысықтарды ветеринария қызметінің талаптары бойынша тексеріс, диагностикалық зерттеу жене емдеу-профилактикалық тазалауға көрсету;
4) қоршаған ортаны, адамдардың иттен қауіпсіздігін қамтамасыздандыратын шаралар қолдану, аулада және арнайы орында иттерді байлап ұстау, ескертулік мандайшасы (табличкасы) болуы тиіс, иттерді серуендеткенде қарғы баумен, мұрындық кигізіп шығару;
5) егер иттер мен мысықтарды иелері әрі қарай күте алмаса, басқа иесіне немесе ветеринариялық мекемеге тапсыру;
6) егер ит немесе мысық адамды тістеп алса, иелері медициналық және ветеринариялық қызметіне шұғыл хабарлау тиіс, ит немесе мысық мемлекеттік ветеринариялық қызметіне ветеринарлық мамандардың карантиндік бақылауы мен тексеруі үшін байқауға тапсырылады.
12. Ит, мысықтардың дегельминтизациясы, емделуі, профилактикасы, диагностикасы, сонымен бірге инвазиялық аурулар және ауруларды жою үшін өтейтін шығындарды қожайындардың өздері қайтарады.
13. Ит мысықтардың қожайындары, өліп қалған ит мысықтардың мәйіттерін шығаруын, көмуін, өз есебінен қайтарады, арнайы бөлініп берілген жерлерде мал қорымдарда көміледі.
5. Иттер мен мысықтарды күту, серуенге шығару
14. Рұқсат етіледі:
1) туыстық байланысы жоқ, барлық тұрғындардың келісімімен және көршілердің медициналық жақпаулығысыз, бір отбасынан артық тұрмайтын үйлерде және пәтерлерде иттер мен мысықтарды күтуіне;
2) егер де жолаушыларға қатысты аландамаушылық шарттары сақталса, барлық түрлі көліктермен ит мысықтарды тасмалдауға, (байлайтын бау, тұмылдырық, шылбыр);
3) арнайы орындарда: адамдар жүрмейтін және арнайы кеністіктерде ит мысықтарды серуендетуге рұқсат етіледі.
15. Тыйым салынады:
1) қоғамдық жерлерде мас күйінде және 14 жасқа толмаған балаларға иттерді байлайтын баусыз, тұмылдырықсыз, шылбырсыз, серуендетуге;
2) баспалдақ, подъезд алаңдарын, сондай-ақ спорттық және киім жаятын алаңдарды, көгал алаңдарын, бақтарды жануарлармен ластануына; егер жануар бұл орындарда экскременттер қалдырған жағдайда, бұлар иелерімен тазалануы тиіс;
3) иттер мен мысықтарды терілер мен еттер үшін асырауға;
4) Целиноград ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының рұқсатысыз ит төбелесін өткізуге.
6. Ережені сақтамағаны үшін
иттер мен мысықтар иелерінің жауапкершілігі
16. Осы ережелерді сақтамаған үшін иттер мен мысықтардың иелері Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 311 бабына сәйкес келесі түрдегі жауапкершілікке тартылады:
1) иттерді ұстау тәртібін бұзғаны үшін үш айлық есептік көрсеткішке дейінгі көлемде айыппұл немесе ескерту;
2) мысықтарды ұстау тәртібін бұзғаны үшін бір есептік көрсеткішке дейінгі көлемде айыппұл немесе ескерту.
17. Он айлық есептік көрсеткішке дейінгі көлемде айыппұл азаматтардың денсаулығы мен мүлігіне зардап әкелген әрекеттер үшін.