"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасның 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес, 2009 жылғы 20 шілдедегі Воздвиженка ауылы тұрғындары жиналыстарының хаттамаларын есепке ала отырып, Воздвиженка ауыл аймағы әкімі ШЕШТІ:
1. Раздольное ауылының көшелеріне атаулар берілсін:
№ 1 көшеге - "Бауыржан Момышұлы" атауы,
№ 2 көшеге - "Ыбырай Алтынсарин" атауы,
№ 3 көшеге - "Абай" атауы.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Целиноград ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Воздвиженка ауыл
аймағының әкімі Ж.Бакибаев
КЕЛІСІЛДІ:
"Целиноград ауданының
Мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Ш.Өтегенова
"Целиноград ауданының
сәулет және қала
құрылысы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы А.Сағымбаев