«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі баскару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес, 2009 жылдың 1 шілдедегі Қоянды ауылының тұрғындары жиналыстарының хаттамаларын есепке ала отырып, Қоянды ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Қоянды ауылының көшелеріне атаулар берілсін: № 8 көшеге - Әлия Молдағұлова атауы, № 9 көшеге – Бейбітшілік атауы, № 10 көшеге - Бостандық атауы, № 11 көшеге - Сары-Арқа атауы, № 12 көшеге - Бөгенбай батыр атауы, № 13 көшеге - Жамбыл Жабаев атауы, № 14 көшеге - Сәкен Сейфуллин атауы.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Целиноград ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа еңгізіледі.
Қоянды ауылдық
округінің әкімі Д.Б.Сүгірәлиев
КЕЛІСІЛДІ:
«Целиноград ауданының
мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімінің
мемлекеттік мекемесі
бастығы» Ш.Өтегенова
«Целиноград аудандық
сәулет және қала
құрылысы бөлімінің»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы А.Сағымбаев