«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасынының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес, Тастақ станциясы тұрғындар жиналысының 2009 жылдың 17 тамыздағы № 12 хаттамасын есепке ала отырып, Луговой ауыл аймағының әкімі ШЕШТІ:
1. Тастақ станциясының көшелеріне атаулар берілсін:
№ 1 көшеге – «Астық» атауы,
№ 2 көшеге – «Теміржол» атауы,
№ 3 көшеге – «Орталық» атауы.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Целиноград ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жариаланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Луговой ауыл
аймағының әкімі Н.Бектуров
КЕЛІСІЛДІ:
«Целиноград ауданының
сәулет және
қалақұрылысы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы А.Сағымбаев
«Целиноград ауданының
мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Ш.Өтегенова