Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылдың 8 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес Шортанды ауданының тілдер саясаты және ономастика жөніндегі комиссиясының 2009 жылдың 24 қарашасындағы № 11 шешімі негізінде Степное селосы тұрғындарының пікірі есебімен Дамса селолық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Дамса селолық округінің Степное селосының құрамдық бөліктерінің қайта аталсын:
Зеленая көшесін - Жасыл көшесіне;
Ленин көшесін - Асар көшесіне;
Набережная көшесін - Сарыарқа көшесіне;
Целинная көшесін - Желтоқсан көшесіне;
Юбилейная көшесін - Береке көшесіне;
Южная көшесін - Жұлдыз көшесіне;
Школьная көшесін - Жібек жолы көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Шортанды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және бірінші ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Селолық округінің әкімі Ж.Абдрахманов
КЕЛІСІЛДІ:
Шортанды ауданының «Мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімі
мемлекеттік мекемесінің бастығы Т.Бартош