Жолымбет кентінің көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Шортанды ауданы Жолымбет кенті әкімінің 2009 жылғы 27 мамырдағы № 7 шешімі. Ақмола облысы Шортанды ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 29 маусымда № 1-18-73 тіркелді

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармағына және Шортанды ауданының тіл саясаты және ономастика жөніндегі комиссиясының 2009 жылғы 05 мамырдағы № 3 шешіміне және Жолымбет кентінің тұрғындардың пікірімен санаса отырып, 2009 жылдың 30 сәуірдегі № 1 азаматтардың жиын хаттамасына сәйкес Жолымбет кентінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Ақмола облысы Шортанды ауданы Жолымбет кентінде көшелерді қайта атау:
      Восточная көшесі - Қазыбек би көшесіне;
      Октябрьская көшесі - Есенберлин көшесіне;
      Карла Маркса көшесі - Мұқағали Мақатаев көшесіне;
      Пролетарская көшесі - Райымбек батыр көшесіне;
      Социальный городок көшесі - Наурызбай батыр көшесіне;
      Комарова көшесі - Ахмет Байтұрсынов көшесіне;
      60 лет Октября көшесі - Төле би көшесіне;
      Западная көшесі - Дина Нұрпейісова көшесіне;
      Пионерская көшесі - Абылай хан көшесіне;
      Спортивная көшесі - Қабанбай батыр көшесіне;
      Терешкова көшесі - Бауыржан Момышұлы көшесіне;
      Буденного көшесі - Әйтеке би көшесіне;
      Интернациональная көшесі - Ақан сері көшесіне;
      Калинина көшесі - Құрманғазы көшесіне;
      Мир көшесі - Бейбітшілік көшесіне;
      Орджоникидзе көшесі - Атамекен көшесіне;
      Амрина көшесі - Бәйтерек көшесіне;
      Киевская көшесі - Сәбит Мұқанов көшесіне;
      Коммунальная көшесі - Мағжан Жұмабаев көшесіне;
      Ленина көшесі - Оралхан Бөкей көшесіне;
      Крупская көшесі - Ыбырай Алтынсарин көшесіне.
      2. Осы шешім Шортанды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен және оның бірінші ресми жариаланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Жолымбет кентінің әкімі                    Д.Сыздыков

      КЕЛІСІЛДІ:

      Шортанды ауданының
      «Мәдениет және тілдірді
      дамыту бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Т.Бартош

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады