Новоселовка селолық округінің Новоселовка селосының құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Шортанды ауданы Новоселовка селолық округі әкімінің 2009 жылғы 24 шілдедегі № 15 шешімі. Ақмола облысы Шортанды ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 26 тамызда № 1-18-87 тіркелді

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылдың 8 желтоқсанындағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес Шортанды ауданының 2009 жылдың 29 мамырдағы тіл саясаты және ономастика жөніндегі комиссиясының № 5 шешімімен тұрғындарының пікірі есебімен Новоселовка селолық округінің әкіміШЕШТІ:
      1. Новоселовка селолық округінің Новопервомайское селосының көшелеріне атау тағайындалсын:
      1. Ленина көшесін – Абай көшесіне;
      2. Мира көшесін – Бейбітшілік көшесіне;
      3. Школьная көшесін – Сәкен Сейфуллин көшесіне;
      4. Строительная көшесін – Құрылысшылар көшесіне;
      5. Студенческая көшесін – Мұхтар Әуезов көшесіне;
      6. Студенческий қиылысын – Кеңесары қиылысы;
      7. Гагарин қиылысын – Мұқағали Мақатаев қиылысы.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Шортанды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және бірінші ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа кіреді.

      Селолық округ
      әкімінің
      міндетін атқарушы                          С.Идрисов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Шортанды ауданының
      «Сәулет және
      қала құрылысы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Е.Байтоқанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Шортанды ауданының
      «Мәдениет және тілдерді
      дамыту бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Т.Бартош 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады