Пригородное селолық округінің Камышенка селосы көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Ақмола облысы Шортанды ауданы Пригородное селолық округі әкімінің 2009 жылғы 16 шілдедегі № 1 шешімі. Ақмола облысы Шортанды ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 17 тамызда № 1-18-83 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы» Заңы 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, 2009 жылғы 11 маусымдағы Шортанды ауданының тіл саясаты және ономастика жөніндегі комиссияның № 6 шешімі негізінде, Камышенка селосы тұрғындарының пікірлерін есепке алуымен Пригородное селолық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Пригородное селолық округінің Камышенка селосы көшелеріне атаулар берілсін:
      1) № 1 көшесіне – Абай көшесі;
      2) № 2 көшесіне - Достық көшесі.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Шортанды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Селолық округ
      әкімі                                      А.Ермолов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Шортанды ауданының
      «Сәулет және
      қала құрылысы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Е.Байтоқанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Шортанды ауданының
      «Мәдениет және
      тілдерді дамыту бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Т.Бартош

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады