Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 04.12.2014 № а-12/775 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 24.02.2014 № а-3/116 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 18 бабының 2 тармақшасына, 238 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес, Щучье ауданының мәслихат сессиясының 2009 жылғы 30 қаңтардағы № С–11/3 «Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет мамандардың лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкаларынан жиырма бес пайызға арттыру құқығы бар лауазымдары тізбесіне келісім беру туралы» шешімі негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді, Ақмола облысы Щучье ауданы әкімдігінің 2009.04.20 № а-4/222 қаулысымен.
1. Қосымшаға сәйкес азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 24.02.2014 № а-3/116 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Б. Нұрпановаға жүктелсін.
3. Осы қаулы 2009 жылы 1 қаңтарда пайда болған құқықтық қатынастарға таратылады.
4. Қаулы Ақмола облысының Щучье аудандық Әдiлет басқармасында мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн күшіне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Щучье ауданының
әкімі В.Балахонцев
«КЕЛІСІЛДІ»
«Щучье ауданының
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі» ММ бастығы Г.Тінәлинова
Щучье ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 23 ақпандағы № а-3/121
қаулысына қосымша
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi
Ескерту. Қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 24.02.2014 № а-3/116 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Білім беру қызметкерлерінің лауазымдары:
Білім беру ұйымдарының барлық мамандықтар мұғалімдері жалпы білім беретін, жоғары техникалық мектептің, кәсіби лицейдің, гимназияның, колледждің, училищенің, мектеп–балабақша кешенінің, арнайы түзету ұйымдары мен барлық түрдегі және үлгідегі интернаттық ұйымдардың директоры (бастық, меңгеруші);
Мектепке дейінгі ұйымның меңгерушісі;
Білім беру ұйымдарында дене тәрбиесінің жетекшісі;
Алғашқы әскери даярлық жетекшісі, оқытушы-ұйымдастырушысы (оқу орнындағы әсери жетекшісі);
Жалпы орта білім беретін мектептердің мектеп-интернаттардың және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім, орта білімінен кейінгі білім, қосымша білім берудің басқа ұйымдарындағы ғылыми, оқу ісі, оқу-өндірістік, оқу-тәрбие, тәрбие жұмыстары жөніндегі директордың (бастықтың) орынбасары
Педагог-психолог
Аға тәрбиеші, тәрбиеші (білім беру ұйымдарында)
Балалардың мектепке дейінгі ұйымының музыкалық жетекшісі
Оқу орнының, оқу- тәрбие, оқу-сауықтыру ұйымының аға тәлімгері
Оқу- тәрбие оқу- өндірістік, қызметімен тікелей айналысатын дене тәрбиесінің нұсқаушысы
Оқу- өндірістік (оқу) шеберхана меңгерушісі (білім беру ұйымдарында)
Еңбек жөніндегі нұсқаушы (білім беру ұйымдарында)
Оқу-сауықтыру, оқу- тәрбиелік орталығындағы (кешенінің) нұсқаушы, әдіскер, тәрбиеші, өндірістік оқыту шебері
Аға шебер, өндірістік оқыту шебері
Білім беру ұйымдарының әдіскері, аға әдіскер, (жоғары оқу орындарынан басқа)
Оқу- тәрбие жұмысымен тікелей айналысатын музыкалық жетекші (балалардың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарынан басқа), аккомпаниатор, концертмейстер.
Оқу- тәрбие қызметпен тікелей айналысатын дене тәрбиесі-спорт ұйымдарының нұсқаушысы, нұсқаушы-әдіскері
Кітапханашы
Медициналық бике
2. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымы:
Бөлім меңгерушісі
Әлеуметтік қызметкер
3. Мәдениет мамандарының лауазымы:
Аға кітапханашы
Кітапханашы
Дербес ұжымның аға басшысы
Мәдени аға ұйымдастырушысы