"Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін мамандардың лауазымдары тізбесін белгілеу туралы" Щучье ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 23 ақпандағы № а-3/121 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № а-3/116 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 26 наурызда № 4045 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № а-12/775 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 04.12.2014 № а-12/775 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне әртүрлi заңнамалық актiлердiң құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететiн нормаларды жою мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шiлдедегi Конституциялық Заңының 1 бабы 11 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18238 баптарына сәйкес, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін мамандардың лауазымдары тізбесін белгілеу туралы» Щучье ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 23 ақпандағы № а-3/121 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-19-150 тіркелген, аудандық «Луч» газетінің 2009 жылғы 2 сәуірдегі № 26, аудандық «Бурабай» газетінің 2009 жылғы 2 сәуірдегі № 15 жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) қаулының тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы»;
      2) қаулының 1 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «1. Қосымшаға сәйкес азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi айқындалсын.»;
      3) қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi».
      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Н.Нұркенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады