Мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек жасау туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2010 жылғы 13 сәуірдегі № С-25/4 шешімі. Ақмола облысы Бурабай ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 21 мамырда № 1-19-178 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Бурабай аудандық маслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек берілсін:
      бір жолғы материалдық көмек отбасының (азаматтардың) табысын есептемей беріледі:
      1) жерлеуге:
      қайтыс болған балаға;
      қайтыс болған жұмыссыз азаматтарға, егер қайтыс болған күні жұмыспен қамту уәкілетті органында есепте тұрса - он айлық есептік көрсеткіш көлемінде төленеді. Өтініш қайтыс болған күннен 6 ай ішінде берілуі қажет;
      2) ауданның тұрмысы төмен отбасынан және ауылды жерде тұратын көпбалалы отбасынан шыққан, колледждерде оқитын студенттерге оқуы үшін жылдық төлем мөлшерінде;
      3) туберкулезбен ауыратындарға амбулаториялық емделу кезінде қосымша тамақтану үшін 5000 теңге көлемінде;
      4) мүгедектер мен мүгедек балаларға Қазақстан Республикасының тиісті медициналық мекемелерінде емделуге немесе тексерілуге бару – келу жолақысы жол жүру билеті негізінде төленеді
      5) Жеңіс Күніне арналған бір жолғы ақшалай төлемдер:
      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне – 5000 (бес мың) теңге;
      екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына - 3000 (үш мың) теңге;
      Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің қайта некеге тұрмаған жесірлеріне – 3000 (үш мың) теңге;
      «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталғандарға – 3000 (үш мың) теңге;
      Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік социалистік республикалар одағының ордендерімен және медальдерімен марапатталғандарға – 3000 (үш мың) теңге.
      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюдың жылдығына - Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысу себебінен мүгедек болған тұлғаларға - 5000 (бес мың) теңге.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту мен толықтырулар енгізілді - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2010.10.29 № С-28/2 (қолданысқа енгізу тәртібін  2-тармақтан қараңыз); 2011.04.08 № С-32/3 (қолданысқа енгізу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) шешімдерімен
      2. Отбасының ай сайынғы табысы есептелмей берілетін көмек:
      1) екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлерінде, геттоларында және басқа да күшпен ұстаған жерлерінде жасы кәмелетке жетпеген тұтқындарына–бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      2) Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, дәрігерлік сараптама коммисиясының шешімі бойынша подгузник алуға – 5000 теңге мөлшерінде;
      3) мүгедек балалардың емдеу мекемелеріне баруы үшін, қала бойынша ақысыз жүруіне;
      3. Щучье аудандық маслихатының «Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсету ережелерін бекіту туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-19-141 тіркелген, 2009 жылғы 15 қаңтарда «Бурабай» және «Луч» газеттерінде жарияланған) 2008 жылғы 13 қарашадағы № С–9/3, Щучье аудандық маслихатының «Щучье аудандық маслихатының 2008 жылғы 13 қарашадағы № С–9/3 «Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсету ережелерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-19-141 тіркелген, 2009 жылғы 18 маусымында «Бурабай» және «Луч» газетерінде жарияланған) 2009 жылдың 24 сәуірдегі № С–13/14, күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешім 2010 жылғы 1 қаңтардан туындаған қатынастарға таралады.
      5. Осы шешім Ақмола облысы Бурабай аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      XXV сессиясының төрағасы                   Н.Туманова

      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        Г.Марченко

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Бурабай ауданының
      жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
      мемлекеттік мекемесі
      бастығының міндетін атқарушы               О.Шестибрат

      Бурабай ауданының әкімі                    В.Н.Балахонцев

      «Бурабай ауданының
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Г.А.Тінәлинова

      «Бурабай ауданының
      қаржы бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        В.И.Корнеева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады