Бурабай ауданында 2010 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезеңде 1993 жылы туған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру мен қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 23 шешімі. Ақмола облысы Бурабай ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 14 қаңтарда № 1-19-171 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімінің 2010.04.12 № 5 шешімімен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 бабына сәйкес, азаматтарды әскери есепке алу мақсатында, аудан әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бурабай ауданында 2010 жылдың қаңтарынан наурызына дейін «Щучинск қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әскерге шақыру учаскесіне 1993 жылы туған, тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркер жынысты азаматтарды тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Б.Нұрпановаға жүктелсін.
      3. Осы шешім Бурабай ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бурабай ауданының әкімі                    В.Балахонцев

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Щучинск қаласының
      қорғаныс істері
      жөніндегі біріктірілген
      бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Д.С.Апенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады