«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес, 2009 жылдың 22 мамырдағы Сосновка селосының, 25 мамырдағы Ключевое селосының, 25 мамырдағы Вишневое селосының тұрғындар жиналыстарының хаттамаларын есепке ала отырып, Қатаркөл селолық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Көшелерге атаулар беру:
Сосновка селосында № 1 көшеге – Мектеп атауын, № 2 көшеге Достық - атауын, № 3 көшеге - Жайлау атауын;
Ключевое селосында № 1 көшеге - Бейбітшілік атауын, № 2 көшеге - Орман атауын;
Вишневое селосында № 1 көшеге - Жағалы атауын, № 2 көшеге - Абылай хан атауын, № 3 көшеге - Төле би атауын;
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Щучье ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қатаркөл
селолық округінің
әкімі М.Құсайынов