Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2009 жылғы 12 ақпандағы № 28 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 23 ақпанда № 3282 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 2009 жылғы 30 сәуірдегі № 158 қаулысымен
Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 30.04.2009 № 158 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 27 бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
2008 жылы 10 маусымындағы "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінің N 69 нөмірлерінде жарияланған, Ақтөбе облысының әділет департаментінде 2008 жылғы 26 мамырында N 3253 тіркелген, облыс әкімдігінің 2008 жылғы 15 мамырдағы "Жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне кредит берудің негізгі шарттарын анықтау туралы" N 172 қаулысына (2008 жылы 2 қазандағы "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінің N 117-118 нөмірлерінде жарияланған, Ақтөбе облысының әділет департаментінде 2008 жылғы 29 қыркүйегінде N 3268 тіркелген, облыс әкімдігінің 2008 жылғы 17 қыркүйектегі "Жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне кредит берудің негізгі шарттарын анықтау туралы" N 332 қаулысына) мынадай өзгерістер енгізілсін:
қаулының 1 тармағының 10 абзацындағы "30 пайыздан аспауы тиіс" сөзі алынып тасталынсын.
2.
Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан 10 күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі |
Е. Сағындықов |