Жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне кредит берудің негізгі шарттарын анықтау туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облыстық әкімиятының 2008 жылғы 15 мамырдағы N 172 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2008 жылдың 26 мамырда N 3253 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 2009 жылғы 30 сәуірдегі N 158 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 2009.04.30 N 158 қаулысымен.
       Қаулының атауына өзгерту енгізілді - Ақтөбе облыстық әкімиятының 2008.09.17 N 332 қаулысымен.
 
       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 27-бабына, "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысының 449-бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелендірудің мынадай негізгі шарттары анықталсын:
      кредиттік қаражат облыс әкімдігі жанындағы Комиссиямен іріктеліп алынған инвестициялық басым жобаларды жүзеге асыруға беріледі.
      соңғы қарызгер үшін тіркелген сыйақы ставкасы 14 пайызды құрайды.
      бизнес жобаларға несие беру мерзімі 5 жылға дейін.
      бір қарызгерге лимиті - 200 000 айлық есептік көрсеткіш.
      Бюджеттік кредитке қатысушылар болып:
      Бағдарламаның кредиторы "Ақтөбе облысы қаржы басқармасы" ММ, бағдарламаның әкімшісі "Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" ММ;
      екінші деңгейдегі банктердің филиалдары арқылы бюджет қаржысын орналастыратын қор - "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ (одан әрі "Даму") КДҚ;
      қарызгер-банктер - облыс әкімдігі жанынан арнайы құрылған Комиссиямен анықталған және экономиканы жаңғырту жөніндегі Мемлекеттік комиссия бекіткен банктер;
      соңғы қарызгерлер - шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері, бюджеттік несиені алушылар;
      қолайлы несиелік тарихы бар шағын және орта бизнес субъектілеріне бұрын берілген несиені қайта қаржыландыруға бағытталған қаражат көлемі. Бюджеттік несие беруге қатысушылар болып табылады.
      Ескерту. Қаулының 1 тармағына өзгерту енгізілді - Ақтөбе облыстық әкімиятының 2008.09.17 N 332, 2009.02.12 N 28 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз) қаулыларымен.
       2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.С. Әбдірайымовке жүктелсін.
       3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                            Е.Сағындықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады