Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 01.07.2014 № 216 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексінің 16, 124 баптарына «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 175 Заңының 10, 24 баптарына «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 27 бабын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қыркүйектегі № 943 қаулысымен бекітілген республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге арналған жер учаскелерін резервте қалдыру туралы ереженің 2 тармағына сәйкес және «Эбита» мемлекеттік табиғи қаумалын құруға арналған жер учаскесін 2009 жылғы 28 мамырдағы тексеру актісі негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарғалы ауданы аумағында қоса беріліп отырған жер учаскесінің жоспарына (сызбасына) сәйкес шекара мен көлемде «Эбита» мемлекеттік табиғи қаумалын құру үшін 83770 га көлемінде жер учаскесі резервке қалдырылсын.
2. Қарғалы ауданы әкімі «Эбита» мемлекеттік табиғи қаумалына резервке қалдырылған жер учаскесінде табиғи- қорық қорының объектілері сақталуды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары І.Қ. Өмірзақовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Е. Сағындықов
Облыс әкімдігінің
2009 жылғы 6 тамыздағы
№ 250 қаулысына қосымша
Жобаланып отырған "Эбита"
Мемлекеттік табиғи қаумалы жер учаскесінің
Жоспары (сызбасы)
РҚАО ескертпесі. Сызбаны қағаз мәтінінен қараңыз.
Табиғи ресурстарды қорғау және ерекше
қорғалатын табиғи аумақтар бөлім
бастығы Б. Шадин