Мәртөк ауданының Рыбаковка селосын Жаңажол ауылы деп қайта атау туралы

Жаңартылған

Бірлескен Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 249 қаулысы және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 399 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 20 қаңтарда № 3317 тіркелді

      Ескерту. Орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "аул" сөзі "село" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 11.12.2015 № 452 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 11.12.2015 № 359 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Мәртөк ауданының мәслихаты мен әкімдігінің, облыстық ономастика комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 14.08.2017 № 280 қаулысымен және Ақтөбе облысының мәслихатының 14.08.2017 № 196 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Мәртөк ауданының Рыбаковка селосы Жаңажол ауылы деп қайта аталсын.

      2. Әкімдіктің осы қаулысы және мәслихаттың шешімі бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Е.САҒЫНДЫҚОВ
      Облыстық мәслихаттың хатшысы Б.ОРДАБАЕВ
      Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы Қ.ТОҚТАРОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады