Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2010.04.16 № 188 шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 100 "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы Заңының 36-бабының 1, 6-тармақтарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Әйтеке би ауданы бойынша арнаулы салық режимінде кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырушылар үшін біржолғы талон құнының мөлшері N 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Біржолғы талон құнының мөлшері республикалық бюджетте әрбір жылға бекітілген есеп-айырысу көрсеткішіне пайыздық қатысы бойынша еспетеліп, есеп-айырысу көрсеткішінің өзгерісіне сай қайта есептеліп отырсын.
3. Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 23 мамыр N 195 "Әйтеке би ауданы көлемінде жеке кәсіпкеркерлерге арналған бір жолғы талон құнының бір күндік мөлшерін бекіту туралы" шешімнің күші жойылды деп танылсын (Мемлекеттік тіркеу тізіміне 2007 жылғы 15 маусым N 3-2-37 рет санымен тіркелген).
4. Осы шешім ресми басылымда жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы,
аудандық мәслихаттың
хатшысы А.ЕРМАҒАМБЕТ
Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы
29-шы қаңтардағы N 97 шешіміне
1 қосымша
Біржолғы талон құнының
аудан көлеміндегі бір күндік мөлшері
Бір күндік төлем сомасы бекітілген есеп-айырысу көрсеткішінің пайыздық мөлшері көлемінде белгіленді. 2009 жыл үшін 1273 теңге.
N |
Кәсіп түрлері |
Бір күндік төлем сомасы. |
А |
Базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлермен заңды тұлғалар |
|
1 |
Комсомол, Қарабұтақ селосында Авто-көліктен сату а) жүк көтерімділігі 5 тн жоғары |
1273 |
2 |
Елді-мекендерде: Авто-көліктен сату |
318 |
Б |
Дүркін-дүркін сипаттағы қызмет түрлері |
|
1 |
Газеттермен журналдар, сондай-ақ отырғызылатын материал (екпелер, көшет) бақша дақылдарын, саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде өсірілген табиғи гүлдерді, қосалқы ауыл шарушылығы, бағбандық, бақшашылық және саяжай учаскелерінің өнімдерін, жануарлармен құстардың жемдерін, сыпыртқылар, орман жидегін, бал, саңырауқұлақ балық сату (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда) |
127 |
2 |
Жер учаскелерін өңдеу жөніндегі жеке трактор иелерінің корсететін қызметтері |
1273 |
3 |
Үй жануарларымен құстарын бағуды жүзеге асыратын жеке тұлғалар |
64 |