Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2011.07.28 № 257 Шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 6 бабына және 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95 Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 56 бабының 4 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Аудандық мәслихаттың Әйтеке би аудандық әділет басқармасында 2008 жылғы 22 тамызда N 3-2-60 болып тіркелген 2008 жылғы 18 қыркүйекте аудандық "Жаңалық жаршысы" газетінің N 38 (1497)санында жарияланған 2008 жылғы 12 тамыздағы N 62 "Аз қамтылған отбасылары және ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге сонымен қатар аурулығына байланысты I-II-III топтағы мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешімінің 1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
1) Жан басына шаққанда орташа айлық табысы Ақтөбе облысы бойынша белгіленген кедейлік шегінен төмен аз қамтылған отбасыларына 1 (бір) айлық есептік көрсеткіші 2009 жылдан бастап 1,5 (бір жарым) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін
2. Осы шешім ресми басылымда жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы,
аудандық мәслихаттың
хатшысы А.ЕРМАҒАМБЕТ