Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 02.03.2018 № 193 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қаңтардағы Заңының 6 бабына және 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99 "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 422 бабының 1, 2тармақтарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Аудандық мәслихаттың Әйтеке би аудандық әділет басқармасында 2009 жылғы 20 ақпанда N 3-2-70 санымен тіркелген 2009 жылы 5 наурызда аудандық "Жаңалық жаршысы" газетінің N 11-12 (1522-1523) сандарында жарияланған 2009 жылғы 29 қаңтардағы N 98 "Тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын "Әйтеке би ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың ең төмен базалық ставкаларының мөлшері N 1 қосымшаға сәйкес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін".
2. Осы шешім ресми басылымда жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың | Аудандық мәслихаттың |
сессия төрағасы | хатшысы |
С.ТОЙШЫМАНОВ | А.ЕРМАҒАМБЕТ |
Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 21-ші сәуірдегі N 123 шешіміне N 1 қосымша |
Әйтеке би ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың ең төмен базалық ставкаларының мөлшері
N | Салық салу объектісінің атауы |
Тіркелген салықтың базалық ставкаларының ең төмен мөлшері |
1 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
2 | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған,ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
3 | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 1 |
4 | Ойын жолы | 5 |
5 | Карт | 2 |
6 | Бильярд үстелі | 3 |