Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2012.08.10 № 39 Шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы N 148 Заңының 6 бабына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарын дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 66 Заңының 7 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" N 183 Қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Әйтеке би ауданында орналасқан ауылдық елді мекендерге, мемлекеттік мекемелерге немесе мемлекеттік кәсіпорындарға жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шарасы ретінде жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең мөлшерде көтерме жәрдемақы берілсін.
2. Осы шешім ресми басылымда жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Аудандық мәслихаттың Аудандық
сессия төрағасы мәслихаттың хатшысы
А.БЕРДАЛИН А.ЕРМАҒАМБЕТ