Комсомол ауылының Азат көшесіне Қ. Айтазиннің есімін беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Комсомол ауылдық әкімінің 2009 жылғы 18 тамыздағы N 48 шешімі. Ақтөбе облысының Әйтеке би аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 15 қыркүйекте N 3-2-85 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде және мәтіні бойынша "селолық", "селосының", "селосындағы" сөздері тиісінше "ауылдық", "ауылының", "ауылындағы" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Комсомол ауылдық округінің әкімінің 15.02.2016 № 16 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңның 14 бабының 4-тармақшасына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Комсомол ауылдық округінің әкімінің 15.02.2016 № 16 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Комсомол ауылындағы Азат көшесінің атауы өзгертіліп, ол көшеге Қазтай Айтазиннің есімі берілсін. (Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген, ғылымына елеулі үлес қосқан филология ғылымдарының кандидаты, доцент, профессор).
      2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
      Комсомол ауылдық округінің әкімі М.Сатимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады