Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22 ақпандағы № 4 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 және 7-баптарының, 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының және 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 «Қазақстан Республикасының бюджеттік кодексі» Заңының 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасы негізінде Алға ауданының тұрғындарын әлеуметтік қорғау және қолдау мақсатында аудандық Мәслихаттың кезекті он сегізінші сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Тұрғындардың коммуналдық қызметті тұтынғаны үшін шығындарды өтеуге тұрғын үй көмегін беру Қағидасы № 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. 2007 жылғы 16 ақпандағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық екінші сессиясының № 4 «Тұрғындардың коммуналдық қызметті тұтынғаны үшін шығындарды өтеуге тұрғын үй көмегін беру Қағидасын бекіту туралы» аудандық әділет басқармасында 2007 жылғы 2 наурызда № 3-3-41 болып тіркелген, 2007 жылдың 15 наурызында аудандық «Жұлдыз-Звезда» газетінің № 11-12 және 2007 жылдың 17 қазанындағы кезекті екінші сессиясының № 5 «Аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық екінші сессиясының № 4 «Тұрғындардың коммуналдық қызметті тұтынғаны үшін шығындарды өтеуге тұрғын үй көмегін беру Қағидасын бекіту туралы» (аудандық әділет басқармасында 2007 жылғы 2 наурыздағы мемлекеттік тіркеу № 3-3-41) шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» аудандық әділет басқармасында 2007 жылғы 1 қарашада № 3-3-48 болып тіркелген, аудандық «Жұлдыз-Звезда» газетінің 2007 жылдың 6 қарашасындағы № 46 cандарында жарияланған шешімдерінің күші жойылсын.
3. Осы шешім аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өтіп, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық Мәслихат Аудандық Мәслихаттың
сессиясының төрағасы: хатшысы:
Р.Н.Кенжегарин А.Ш.Кайрушев
Аудандық Мәслихаттың 2009 жылғы
24 сәуірдегі он сегізінші сессиясының
№ 5 шешiмiне № 1 қосымша.
Тұрғындардың коммуналдық қызметтi тұтынғаны үшiн
шығындарды өтеуге тұрғын үй көмегiн беру
қағидасы.
1. Жалпы қағидалар
Осы Қағида Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16-сәуiрдегi «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 97-бабының 2-тармағының екiншi бөлiмiне сәйкес жергiлiктi бюджет қаражатынан тұрғын үй көмегiн беру тәртiбiн анықтайды.
1. Осы Қағидада мынандай ұғымдар пайдаланылады:
1).Тұрғын үй көмегi – халыкты әлеуметтiк корғау нысанының бiр түрі ретінде коммуналдық қызметті тұтынғаны үшін Алға ауданының тұрғындарының коммуналдық шығындарын өтеу үшін берілетін көмек.
2).Арыз беруші (жеке тұлға) – жеке отбасы немесе отбасы атағынан тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш жасаушы адам.
3).Жиынтық табыс-тұрғын үй көмегін анықтау үшін есепке алынатын барлық табыс (салық және зейнетақы қорына ұстанылып қалатынын есептемегенде) сомасы.
4).Өкілетті орган - тұрғын үй көмегін тағайындаушы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлiмi.
2. Тұрғын үй көмегі ауданда тұрақты тұратын меншіктік құқы бар немесе меншік түріне қарамастан тұрғын үйді пайдаланып (жалға алушы) отырған жеке тұлғаларға, мына жағдайда, егер отбасының бюджеті тұтынылған коммуналдық қызметтерге (орталықтан жылыту,жеке газбен жылыту, ыстық, салқын сумен жабдықтау, канализация, ас дайындауға, газ-электр қуатымен қамту, қоқыс шығару, байланыс қызметінің абонентік төлемі) төлемдерін көмектің өтем беру шараларын қамтамасыз ететін тұрғын үй аланының бекітілген нормалық шегіне сәйкес, бірақ нақты пайдалану алаңы және коммуналдық қызметкерлерді тұтыну нормативтік шектеулерінен үлесі асып кетпейтін жағдайда беріледі.
Коммуналдық қызмет тұтыну төлемдеріне тиісті шығындар үлесі отбасылық жиынтық табыстың 5 пайызы айырмашылығы мөлшерінде белгіленеді.
3. Тұрғын үй көмегі - меншік иесінің, тұрғын үйді пайдаланушының (жалға алушының) коммуналдық қызметке (орталықтан жылыту, және газбен жылыту, ыстық, салқын сумен жабдықтау, канализация, ас дайындауға газ- электр қуатымен қамту, қоқыс шығару, байланыс қызметінің абоненттік төлемі үшін.) тиісті есептік төлемнен шегеру арқылы қолма-қол қаржыландырусыз негізде беріледі. Белгіленген нормадан артық тұтынылған коммуналдық қызметтерге төлемдер жалпы негізде жүргізіледі.
4. Жылу және техникалық қызметтерге барлық меншік түріндегі тұрғын үйлердің бір адамына шаққанда тұрғын алаңының әлеуметтік нормасы 18 шаршы метр (жалғызбасты азаматтарға 32 шаршы метр, жеке үйде тұратын құрамында бір адамы бар отбасы үшін пайдалы алаң 36 шаршы метр шегінде) пайдалы алаңы, бірақ тұрғын үйдің нақты пайдаланатын жалпы алаңынан асырылмауын ескере отырып бекітіледі.
Жәрдемақы төлемімен қамтамасыз етілетін электр қуатын тұтыну- отбасы басшысы 40 киловатт, қалған отбасы мүшелеріне 20 киловаттан қосымша, бірақ жалпы отбасына шаққанда 100 киловаттан аспауы тиіс есебінде жүргізіледі.
5. Тұтынушылар коммуналдық қызметерді есептегіш құралдарымен жабдықтаса, әлеуметтік нормаларын есептеу, есептегіш құралдары көрсеткіштерінің нақты шығындар есебіне сәйкес, бірақ белгіленген тариф және нормативтерден асырылмауын ескере отырып қолданады.
6. Төмендегі жағдайларда тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады:
1) жеке меншігінде бір бірліктен асатын тұрғын үйі (пәтер,үй) бар азаматтар, егер меншігіндегі тұрғын үйлер бірліктері отбасының әр мүшесінің есебіне шаққанда жалпы алаңы 15 шаршы метрден аспауын есепке алмағанда;
2) тұрғын үйді жалға (арендаға) беруші немесе жалға алушы, қайта жалға берген тұлғалар.
7. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау мәселелері бойынша келіспеушіліктер, аз қамтылған отбасылардың есебін алу және тексеру жөніндегі өкілетті органның жанында құрылған комиссияда қаралады.
8. Тұрғын үй көмегін алушылар пәтерінің меншік нысанының, отбасы құрамының, жиынтық табыстарындағы өзгерістерді, сонымен қатар, көмек дұрыс есептелмегенде 10 күн ішінде өкілетті органға хабарласуы тиіс.
9. Өкілетті органға жалған мәлімет беріп заңсыз көмек тағайындалуына жол берген меншік иесі, жалға алушы (арендатор) бір жыл бойына көмек алу құқығынан айрылады, ал заңсыз алынған тұрғын үй көмегі белгіленген заң тәртібімен бюджетке қайтарылады.
10. Құжаттарын қате рәсімдеу нәтижесінде заңсыз тұрғын үй көмегін тағайындауға жол берген жауапты тұлғалар белгіленген заңнамалық тәртіппен жауапкершілікке тартылады.
2.Тұрғын үй көмегін тағайындау.
1. Тұрғын үй көмегін тағайындау, тұтынушының өтініш берген айынан бастап ағымдағы тоқсанның аяғына дейінгі мерзімде жүргізіледі. Өтініш берген айы, арызды қосымша құжаттарымен бірге тапсырған ай болып есептеледі.
2. Тұрғын үй көмегі меншік иесінің, жалға алушының (арендатордың) отбасы құрамы, мекен-жайының жалпы және нақты пайдаланатын пайдалы аумағының мөлшері, отбасылық жиынтық табысы, коммуналдық қызметтерді (орталық жылыту газбен жылыту, ыстық, салқын сумен жабдықтау, газбен тамақ дайындау, электр қуатымен жабдықтау, қоқыс шығару және байланыс қызметінің абонентік төлемі) тұтыну шығындарын төлеу туралы өтініші негізінде тағайындалады.
3. Еңбекақы табысы жұмыс орнынан қолма қол алатын (салықтар және зейнетақы қорына ұстап қалуын есептеп шығарғанда) мәліметтерге сәйкес отбасының жиынтық табысынан есептеледі.
4. Отбасылық жиынтық табысын анықтағанда атаулы әлеуметтік көмек, балаларға арналған жәрдемақы, тұрғын үй көмегі, қайырымдылық көмек, мүгедектерге берілетін барлық жәрдемақылар, он алты жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға берілетін төлемдер, бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақы, іргелік (базалық) зейнетақы, зейнеткерлерге қосымша төленетін жәрдемақылар, жасына байланысты жәрдемақы, төрт және одан да көп балалы отбасыларға, тыл еңбеккерлеріне, республикаға ерекше еңбегі сіңген зейнеткерлерге берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін жәрдемақы және жерлеуге берілетін жәрдемақыны қоспағанда тұрғын үй көмегіне өтініш берердің алдындағы тоқсандағы алынған қаржылай немесе төлем құралы ретінде берілетін тауар, өнім, барлық кіріс түрі есептеледі.
5. Табысы жоқ, соның ішінде жұмыссыздарға (мыналарды есепке алмағанда: үш жасқа дейінгі бала тәрбиесіндегі және бірінші, екінші топтағы мүгедектерді, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды күтушілер, оқушылар мен студенттер, күндізгі бөлімде оқитын тыңдаушылар мен курсанттар, магистратура мен аспирантура тыңдаушылары) тұрғын үй көмегі мөлшерін есептегенде төмендегі есептік көрсеткіштер пайдаланылады:
1) 16 жастан 18 жасқа дейінгі азаматтарға айлық есептік көрсеткіш.
2) 18 жастан зейнеткерлік жасқа дейін 2 айлық есептік көрсеткіш.
6. Қосалқы шаруашылықтан түсетін табыс көлемі (оның ішінде, аула учаскесі, бау-бақша, саяжай) алдыңғы тоқсандағы 3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қабылданып, отбасылық жиынтық табыс көлемінің есебіне енгізіледі.
7. Коммуналдық қызметтер тарифі өзгерген жағдайда тағайындалған тұрғын үй көмегіне ағымдағы тоқсанда қайта есептеу жүргізіледі.
8. Тұрғын үй көмегі мөлшері меншік иесінің, жалға алушының (арендатордың) шектелмеген нормаларға сай коммуналдық қызметтер тұтынуына өтемдік (компенсациялық) шараларды қамтамасыз ететін және осы мақсатта отбасының мүмкін болатын деңгейдегі шығындары мен нақты төлмдерінің айырмашылығы ретінде есептеледі және сомасы нақты шығындардан аспауы тиіс.
9. Тапсырылған өтініштерді қарау нәтижесінде белгіленген үлгіде екі дана шарт жасалып, оның бірі меншік, екіншісі өкілетті органда сақталады.
10. Ақпараттың дұрыстығына күмәнділік туған жағдайда өкілетті органның төмендегідей құқығы бар:
1) өтініш иесінің тұрғын үй жағдайына тексеру жүргізуге;
2) тиісті мекемелерден табыс туралы сұрау салуға;
3) жасырын табыс деректерін тексеру туралы салық қызметіне өтініш етуге.
11. Заңды және жеке тұлғалар тұрғын үй көмегін алуға талапкердің табысы туралы ақпарат беруге міндетті.
3.Азаматтардың тұрғын үй көмегін тағайындау үшін
өтініш беру тәртібі.
1. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өтініш біруші өкілетті органға төмендегі құжаттарды ұсынады:
1) өтініш;
2) азаматтардың тіркеу кітабы;
3) өтініш берушінің отбасы мүшелерінің тапқан табысы туралы мәлеметтер (отбасының жұмыс жасайтын мүшелері үшін - өткен тоқсандағы еңбек ақысы туралы анықтама; зейнетақы, жәрдемақы алатындар үшін – зейнетақы және жәрдемақы көлемі туралы анықтама, шәкіртақы алатын студенттер үшін – оқу орындарынан анықтама);
4) үй иесі екендігін растайтын құжат (үйдің техникалық паспорты немесе ордер, жалға алғандығы туралы келісім - шарт);
5) жеке секторларда тұратын тұлғалар қосалқы шаруашылығы туралы;
6) кәмелетке толған отбасы мүшелерінің жеке куәлігі;
7) кәмелетке толған отбасы мүшелерінің салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН);
8) (жұмыссыздарға) еңбек кітапшасы;
9) 16 жастан жоғары балаларға - оқу орындарынан анықтама;
10) жанұя мүшелерінің - туу туралы, неке туралы, қайтыс болғандығы туралы, неке бұзу туралы, әке болу туралы куәліктері;
11) жалғыз басты аналарға - № 4 нысандағы анықтама;
12) банкідегі жеке есеп шотының нөмірі.
13) жабдықтаушы мекемелердің аңықтамасы
2. Тұрғын үй көмегін алуға құқық тоқсан сайын азаматтардың тіркеу кітабы, коммуналдық қызметпен жабдықтаушы мекемелердің аңықтамасы және отбасы мүшелердің табысы туралы мәліметтерді бере отырып расталады
4.Қаржыландыру көздері.
1. Меншік нысанының барлық түріндегі үйлердің тұрғындарына тұрғын үй жәрдемақысын төлеу жергілікті бюджеттен жылға бөлінген бюджет қаржысы есесбінен қаржыландырады.
2. Өкілетті орган ай сайын келесі айдың 15-ші жұлдызынан кешіктірмей тұрғын үй көмегін алушылар тізімін құрастырып, төлемдерге қаржының қажеттілігі туралы аудандық қаржы бөліміне өтінім жасайды. Аудандық қаржы бөлімі көрсетілген қаражатты қаржы жылына арналған міндеттемелер мен төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарына сәйкес бөлінген сомалар шегінде өкілетті органның есеп-шотына, ол өз кезегінде комуналдық қызметпен жабдықтаушы мекемелердің есеп-шоттарына аударады.
3. Бюджет қаржысынан тұрғын үй көмегінің есептелуі мен шығынының дұрыстығына тексеру заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізіледі.