Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 31.01.2013 № 70 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 7 баптарына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы № 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 5 «Тұрғындардың коммуналдық қызметті тұтынғаны үшін шығындарды өтеуге тұрғын үй көмегін беру Қағидасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 19 мамырда № 3-3-79 болып тіркелген, аудандық «Жұлдыз-Звезда» газетінің 2009 жылғы 2 маусымдағы № 25 санында жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне және алғаш ресми жарияланғаннан кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы: хатшысы:
Л.В.Грачева А.Кайрушев
Аудандық Мәслихаттың 2010 жылғы
22 ақпандағы № 4 шешiмiне
№ 1 қосымша.
Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы. 1. Жалпы ережелер
Осы Қағида Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16-сәуiрдегi «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы» Ережесінің 3 тармағына және 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулыларына сәйкес жергiлiктi бюджет қаражатынан тұрғын үй көмегiн беру тәртiбiн анықтайды.
1. Осы Қағидада мынандай ұғымдар пайдаланылады:
1). Тұрғын үй көмегi – Алға ауданында халыкты әлеуметтiк қорғау нысанының бiр түрі ретінде коммуналдық қызметті тұтынғаны, байланыс қызметі (абоненттік ақы), кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналар үшін тұрғындарға берілетін көмек.
2). Телефонға абоненттік тарифтерінің арту өтемақысы – 2004 жылдың қыркүйек айының жағдайы бойынша құрылған тарифтерінің және қолданыстағы тарифтер аралығындағы айырмашылықты белгілейтін және телефонға абоненттік ақы тарифтерінің өсуіне байланысты шығындарды өтеуге арналған тұрғын үй көмегінің құрамына кіретін ақшалай өтемақы.
3). Өтініш иесі (жеке тұлға) –жеке отбасы немесе отбасы атағынан тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш жасаушы адам.
4). Жиынтық табыс - тұрғын үй көмегін анықтау үшін есепке алынатын барлық табыс (салық және зейнетақы қорына ұстанылып қалатынын есептемегенде) сомасы.
5). Кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектісін күтіп ұстау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.
6). Уәкілетті орган - тұрғын үй көмегін тағайындаушы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлiмi.
2. Тұрғын үй көмегі егер өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілетін тұрғын ауданның белгіленген нормасы шегінде, бірақ іс жүзінде алып отырған ауданнан және коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативінен көп емес коммуналдық қызметтерді (орталық жылту және жеке газбен жылыту, ыстық-суық сумен жабдықтау, канализация, тамақ дайындағаны үшін газды, электрмен жабдықтау, қоқыс жинау), жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (жалға берушілер) болып табылатын отбасыларға кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарына және байланыс қызметін (абоненттік ақы) тұтынғаны үшін шығындар осы мақсатқа арналған шекті мүмкін шығындар үлесінен артық жағдайда Алға ауданында тұрақты тұратын, тіркелінген және меншік түріне қарамастан тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушы (жалға беруші) болып табылатын жеке тұлғаларға қолма-қол емес түрде беріледі. Коммуналдық қызметтерді, кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарына және байланыс қызметін (абоненттік ақы) тұтынғанына ақы төлеуге арналған шекті мүмкін шығындар үлесі отбасының жиынтық табысының 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
3.. Белгіленген нормадан артық тұтынылған коммуналдық қызметтерге, байланыс қызметіне төлемдер жалпы негізде жүргізіледі.
4. Жылу және техникалық қызметтерге барлық меншік түріндегі тұрғын үйлердің бір адамына шаққанда тұрғын алаңының әлеуметтік нормасы 18 шаршы метр (жалғызбасты азаматтарға 32 шаршы метр, жеке үйде тұратын құрамында бір адамы бар отбасы үшін пайдалы алаң 36 шаршы метр шегінде) пайдалы алаңы, бірақ тұрғын үйдің нақты пайдаланатын жалпы алаңынан асырылмауын ескере отырып бекітіледі.
Жәрдемақы төлемімен қамтамасыз етілетін электр қуатын тұтыну- отбасы басшысы 40 киловатт, қалған отбасы мүшелеріне 20 киловаттан қосымша, бірақ жалпы отбасына шаққанда 100 киловаттан аспауы тиіс есебінде жүргізіледі.
5. Тұтынушылар коммуналдық қызметерді есептегіш құралдарымен жабдықтаса, әлеуметтік нормаларын есептеу, есептегіш құралдары көрсеткіштерінің нақты шығындар есебіне сәйкес, бірақ белгіленген тариф және нормативтерден асырылмауын ескере отырып қолданады.
6. Төмендегі жағдайларда тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады:
1) жеке меншігінде бір бірліктен асатын тұрғын үйі (пәтер,үй) бар азаматтар, егер меншігіндегі тұрғын үйлер бірліктері отбасының әр мүшесінің есебіне шаққанда жалпы алаңы 15 шаршы метрден аспауын есепке алмағанда;
2) тұрғын үйді жалға (арендаға) беруші немесе жалға алушы, қайта жалға берген тұлғалар.
7. Тұрғын үй көмегін алушылар пәтерінің меншік нысанының, отбасы құрамының, жиынтық табыстарындағы өзгерістерді, сонымен қатар, көмек дұрыс есептелмегенде 15 күн ішінде өкілетті органға хабарласуы тиіс.
8. Заңсыз алынған тұрғын үй көмегі белгіленген заң тәртібімен бюджетке қайтарылады.
9. Тұрғын үй көмегін тағайындау, тұтынушының өтініш берген айынан бастап ағымдағы тоқсанның аяғына дейінгі мерзімде жүргізіледі. Өтініш берген айы, арызды қосымша құжаттарымен бірге тапсырған ай болып есептеледі.
10. Тұрғын үй көмегі меншік иесінің, жалға алушының (арендатордың) отбасы құрамы, мекен-жайының жалпы және нақты пайдаланатын пайдалы аумағының мөлшері, отбасылық жиынтық табысы, коммуналдық қызметтерді (орталық жылыту газбен жылыту, ыстық, салқын сумен жабдықтау, газбен тамақ дайындау, электр қуатымен жабдықтау, қоқыс шығару және байланыс қызметінің абоненттік төлемі) тұтынуға жабдықтаушылардың анықтамасы, жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясы) келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының жалпы жиналысында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектісін басқару органы басшысының қолымен расталған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоты.
11. Еңбекақы табысы жұмыс орнынан қолма қол алатын (салықтар және зейнетақы қорына ұстап қалуын есептеп шығарғанда) мәліметтерге сәйкес отбасының жиынтық табысынан есептеледі.
12. Отбасылық жиынтық табысын анықтағанда атаулы әлеуметтік көмек, балаларға арналған жәрдемақы, тұрғын үй көмегі, қайырымдылық көмек, мүгедектерге берілетін барлық жәрдемақылар, он алты жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға берілетін төлемдер, бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақы, іргелік (базалық) зейнетақы, зейнеткерлерге қосымша төленетін жәрдемақылар, жасына байланысты жәрдемақы, төрт және одан да көп балалы отбасыларға, тыл еңбеккерлеріне, республикаға және облысқа ерекше еңбегі сіңген зейнеткерлерге берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін жәрдемақы және жерлеуге берілетін жәрдемақыны қоспағанда тұрғын үй көмегіне өтініш берердің алдындағы тоқсандағы алынған қаржылай немесе төлем құралы ретінде берілетін тауар, өнім, барлық кіріс түрі есептеледі.
13. Табысы жоқ, соның ішінде жұмыссыздарға (мыналарды есепке алмағанда: үш жасқа дейінгі бала тәрбиесіндегі және бірінші, екінші топтағы мүгедектерді, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды күтушілер, оқушылар мен студенттер, күндізгі бөлімде оқитын тыңдаушылар мен курсанттар, магистратура мен аспирантура тыңдаушылары) тұрғын үй көмегі мөлшерін есептегенде төмендегі есептік көрсеткіштер пайдаланылады:
1) 16 жастан 18 жасқа дейінгі азаматтарға айлық есептік көрсеткіш.
2) 18 жастан зейнеткерлік жасқа дейін 2 айлық есептік көрсеткіш.
14. Қосалқы шаруашылықтан түсетін табыс көлемі (оның ішінде, аула учаскесі, бау-бақша, саяжай) алдыңғы тоқсандағы 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қабылданып, отбасылық жиынтық табыс көлемінің есебіне енгізіледі.
15. Коммуналдық қызметтер тарифі өзгерген жағдайда тағайындалған тұрғын үй көмегіне ағымдағы тоқсанда қайта есептеу жүргізіледі.
16. Тапсырылған өтініштерді қарау нәтижесінде белгіленген үлгіде екі дана шарт жасалып, оның бірі меншік иесіне, екіншісі өкілетті органда сақталады.
17. Ақпараттың дұрыстығына күмәнділік туған жағдайда өкілетті органның төмендегідей құқығы бар:
1) өтініш иесінің тұрғын үй жағдайына тексеру жүргізуге;
2) тиісті мекемелерден табыс туралы сұрау салуға;
3) жасырын табыс деректерін тексеру туралы салық қызметіне өтініш етуге.
18. Заңды және жеке тұлғалар тұрғын үй көмегін алуға талапкердің табысы туралы ақпарат беруге тиісті.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі.
19. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өтініш беруші уәкілетті органға төмендегі құжаттарды ұсынады:
- тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өтініш;
-отбасының тұрғылықты мекен жайын растайтын құжат көшірмесі;
- өтініш берушінің отбасы мүшелерінің тапқан табысы туралы мәлеметтер (отбасының жұмыс жасайтын мүшелері үшін - өткен тоқсандағы еңбек ақысы туралы анықтама; зейнетақы, жәрдемақы алатындар үшін – зейнетақы және жәрдемақы көлемі туралы анықтама, шәкіртақы алатын студенттер үшін – оқу орындарынан анықтама);
-үй иесі екендігін растайтын құжат (үйдің техникалық паспорты немесе ордер, жалға алғандығы туралы келісім - шарт);
- қосалқы шаруашылығы туралы анықтама;
-өтініш берушінің жеке куәлігі СТН, ӘЖК құжаттарының көшірмесі;
- еңбек кітапшасының көшірмесі (жұмыссыздар үшін);
- жалғыз басты аналарға - № 4 нысандағы анықтама;
-16 жастан жоғары балаларға - оқу орындарынан анықтама;
- жанұя мүшелерінің - туу туралы, неке туралы, қайтыс болғандығы туралы, неке бұзу туралы, әке болу туралы куәліктері;
-өтініш берушінің телекоммуникация желісінің абоненті болып табылатынын растаушы құжат (келісім-шарт немесе анықтама);
-кондоминиум объектісін басқару органының шоты.
20. Тұрғын үй көмегін алуға құқық тоқсан сайын:
1) отбасы мүшелердің табысы;
2) отбасының құрамы;
3) коммуналдық қызметпен жабдықтаушы мекемелердің аңықтамасы туралы мәліметтерді бере отырып расталады.
3. Тұрғын үй көмегін төлеу.
21. Тұрғын үй көмегін төлеу аудандық бюджет қаржысы есебінен жүргізіледі.
22. Уәкілетті орган ай сайын келесі айдың 15-ші жұлдызынан кешіктірмей тұрғын үй көмегін алушылар тізімін құрастырып, төлемдерге қаржының қажеттілігі туралы аудандық қаржы бөліміне өтінім жасайды. Аудандық қаржы бөлімі көрсетілген қаражатты қаржы жылына арналған міндеттемелер мен төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарына сәйкес бөлінген сомалар шегінде өкілетті органның есеп-шотына, ол өз кезегінде коммуналдық қызметпен жабдықтаушы мекемелердің есеп-шоттарына аударады.
Телефонның абоненттік ақысы тарифтердің артуы өтемақысын төлеу алушының таңдауы бойынша, оның жазған өтініші негізінде, жеке есепшот реквизиттерін көрсету арқылы осы түрдегі банкілік операцияларға лицензиясы бар ҚР екінші деңгейдегі Ұлттық банкілерінде жүзеге асырылады.
23. Бюджет қаржысынан тұрғын үй көмегінің есептелуі мен шығынының дұрыстығына тексеру заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізіледі.