Ескерту. Қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға ауданының әкімі аппаратының 2013.02.22 № 05-1/419 Хатымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Заңының 28 бабына сәйкес Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
1. «Халықтың мақсатты тобынан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» 2009 жылғы 6 ақпандағы № 51 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 13 ақпанында № 3-3-71 болып тіркелген, 2009 жылғы 17 ақпанда «Жұлдыз-Звезда» газетінің № 8-9 санында жарияланған), 2009 жылғы 28 сәуірдегі № 155 қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 21 мамырында № 3-3-81 болып тіркелген, 2009 жылғы 26 мамырдағы «Жұлдыз-Звезда» газетінің № 23-24 санында жарияланған), 2009 жылғы 1 қыркүйектегі № 333 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 23 қыркүйегінде № 3-3-87 болып тіркелген, 2009 жылғы 29 қыркүйегіндегі «Жұлдыз-Звезда» газетінің № 41 санында жарияланған) енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды ескере отырып, қаулыға төмендегідей өзгерту енгізілсін:
3 тармағындағы «15000» деген сан «20000» деген санмен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Аққағазовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ.Сарсенғалиев